Атырау, 21 қараша 23:19
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Ажар Ғиният: Қазақстанда 39 инфекция бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады

920 просмотра

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елдегі эпидемиологиялық ахуал және бірқатар инфекциялық аурулардың профилактикасы шаралары туралы айтты.

Осылайша, республикада 39 инфекция, оның ішінде коронавирус инфекциясы, ротавирустық инфекция, жіті ішек инфекциясы және т. б. бойынша сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалды.

Министрдің айтуынша, өткен жылы инфекциялық аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты болды. Республика халқының арасында жүргізілетін профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде 20 инфекциялық ауру, оның ішінде: оба, тырысқақ, полиомиелит тіркелмеген. Алайда, қызылша, көкжөтел, сібір ойық жарасы сияқты 8 инфекциялық аурудың өсуі тіркелді. Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал бөлігінде ол тұрақты болып қалады.

Соңғы 6 айдың ішінде республикада ай сайын 100-ден 400-ге дейін жағдай тіркелді, бұл халықтың арасында жыл бойы коронавирус айналымын растайды.

Өткен жылы республикада COVID-19-ның 12 121 жағдайы тіркелді. 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық 19 есеге төмендеді.

9 қаңтар, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.