Атырау облыстық денсаулық басқармасы «Ашық бюджет» порталында 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама жобаларын жариялады.
Атап айтқанда, былтыр кадрларды қайта даярлаудан өткізу, кадрлардың біліктілігін арттыру, (фармацевтикалық және медициналық кадрлардың) білікті санатты мамандардың санын көбейту мақсатында жергілікті бюджет есебінен 143 млн 960 мың теңге бөлініп, 1285 маман қайта оқытудан өтсе, биыл 1162 маманның біліктілігін арттыру үшін 43 млн 887 мың теңге, келер жылы дәл осындай маманды оқытуға 41 млн 746 мың теңге жоспарлануда.
Халықтың денсаулығын жақсарту, яғни өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа жеткізу мақсатында биыл 32 млн 448 мың теңге және келесі жылға да осындай қаржы жоспарлауда. Бұл қаражат атап айтқанда ауруларға қарсы профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыру, жергілікті газет, радио, телеарналарда ақпараттық материалдар орналастыру, сұхбаттар өткізу, БАҚ арқылы насихат жұмыстарын қамтитын болады. Сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттайтын мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және басқа да іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Аталған ақпараттық іс- шаралармен 50 мыңнан аса адамды қамту көзделіп отыр.
Бюджеттік бағдарламаның тағы бірі - 15-49 жас тобында АИТВ-ның таралуын 0,2-0,6% шегінде ұстау.
Бұл мақсатта былтыр облыста АИТВ-инфекциясының эпидемиологиялық қадағалау, ЖИТС-пен күресу іс шаралары және басқа да ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстарына (5185 аса іс-шара) жергілікті бюджеттен 185 млн 297 мың қаржы бөлінсе, биыл аталған іс шараларға 139 млн 990 мың теңге, ал келер жылы 148 млн 138 теңге жоспарлануда.
Азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін немесе жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз етіледі.
Былтыр жергілікті бюджет есебінен 2 625 науқастың басқа аймақтарда жеңілдетілген және тегін ем алуы үшін 270 млн 161 мың теңге бөлінсе, алдағы жылдары былтырға қарағанда аз адамды қамту жоспарланған. 2024 жылы 230 млн 161 теңге көзделіп, 2 103 науқастың өзге өңірге тегін немесе жеңілдетілген бағамен жол жүруімен мүмкіндік жасалса, келер жылы дәл осындай адам санын қамтуға 130 млн 161 мың теңге бөлінбек.
Жұқпалы ауруларды азайту мақсатында халыққа иммундық алдын алуды жүргізу үшін екпелермен және басқа иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету үшін биыл және келер жылдары әр жылы жергілікті бюджет есебінен 1 млрд 906 млн 391 мың теңгеден бөлініп, жыл сайын 174093 адамды екпемен қамту көзделуде.
Амбулаториялық науқастарды тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде емдеу және дәрілік препараттар сатып алуға биыл жергілікті бюджеттен 571млн 378 мың теңге келер жылы 276 млн 436 мың теңге бөлінбек. Бұл қаржыға 10 ауру түрі тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етіледі және жыл ішінде 20 науқас амбулаторияда емделеді деп күтілуде.
Кадрларды қайта даярлаудан өткізу, (орта білімнен кейінгі, техникалъқ және кәсіби білімі бар кадрлар) кадрлардың біліктілігін арттыру, кадрлардың жетіспеушілігін төмендету, білікті санатты мамандарды санын көбейту жұмыстары бойынша биыл жергілікті бюджеттен 482 млн 540 мың теңге, республикалық бюджеттен 590 мың теңге қарастырылып, 616 маманды оқыту жоспарлануда. Ала келер жылы жергілікті бюджеттен 440 048 мың теңгеге 619 маман біліктілігін арттырудан өтеді.
Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты, салалық және өңірлік денсаулық сақтау бағдарламаларын іске асыру; азаматтарды және оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде медициналық көмекпен қамту; денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг мен бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру іс-шараларына биыл 179 млн 928 мың теңге, келер жылы 184 млн 667 мың теңге жоспарлануда.
Клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу үшін 249 резидентураның кәсіптік оқу бағдарламасын игеруге биыл 173 млн 094 теңге жоспарланған.
2025 жылы да осындай қаржы қарастырылады. Атап айтқанда, 249 резидент Атырау облысынан Денсаулық сақтау саласы бойынша 2020-2021 жылы оқуға түскен студенттер.
Тұрғындар жобалармен сілтеме бойынша өтіп таныса алады.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Атырау облысының денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламаларының жобалары жарияланды