Атырау, 3 қазан 08:06
 дождьВ Атырау +5.3
$ 447.73
€ 502.98
₽ 5.35

Көкарнадағы қайғылы оқиға: 3 айлық сәби қайтыс болды

1 835 рет қаралды

2024 жылдың 5 қаңтарында тұрғын үйдегі газ жарылысынан жарақат алған үш айлық бала жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды балалар ауруханасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, қайғылы оқиға 2 қаңтарда болған. Газ жарылысынан үйдің қабырғасы опырылып, өртке ұласқан. Оқиға кезінде үй ішінде бір отбасының бес адамы болған. Олардың барлығы дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Кейін отбасының екі мүшесі: 1965 жылы туған ер адам және 1970 жылы туған әйел ауруханада көз жұмды.

6 қаңтар 2024, 22:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.