1 шілдеде Қазақстанға жеңіл автокөліктерді әкелудің жеңілдік режимінің мерзімі аяқталады. Дәл сол күні республика аумағына Еуро-3 экологиялық стандартына сәйкес келетін автокөлік құралдарының зиянды затты шығарудың үлестік нормативтері өз күшіне енетін болады. Және бұл кездейсоқ сәйкестік емес.
«Ақжайық ОКБ» кедендік қосынының бас маманы Ахмадияр ЖАЛҒАСОВТЫҢ айтуынша, 2011 жылдың1 шілдесінен бастап Қазақстанда жаңа экологиялық Еуро-3 стандарты енгізіледі. Содан кейін ҚР-на осы стандарқа сәйкес келмейтін автокөлік құралдарын әкелуге шектеу қойылады. Бұл жағдайда бұрын әкелінген және жүріп жүрген көліктер жаңа экологиялық талаптарға сәйкесті болуға міндетті болмайды және «дымы құрығанша» жүре бермек.
2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Кедендік одақ аясында Қазақстанға жеңіл автокөліктерді әкелу барысында 1 жыл мерзімге арналған жеңілдік режимі белгіленген болатын. Жеке тұлғалар үшін алыс шетелден Ресей арқылы әкелінетін автокөлікті рәсім-деу белгіленген мерзім ішінде жеңілдетілген тәртіп бойынша жүргізілді: ҚҚС төленбейді, мемлекеттік баж салығы мен салық орнына - тек біртұтас салық қана төленетін. Өткен жылдың жазында бұл ереженің басымдылықтары туралы әңгімелеген кеденшілер мысал ретінде 2006 жылғы шыққан Тойота Прадо автокөлігінің кедендік рәсімдеуден өткізудің бірнеше нұсқаларын келтірген еді. Жұмыс істеп тұрған цилиндрлі қозғалтқыш көлемі 2700 текше сантиметр және құны шамамен 20 мың доллар тұрады. 2009 жылы ол кедендік тазартудан 4600 долларға өтті. Бұл соманың ішіне мемлекеттік баж салығынан басқа 12% мөлшеріндегі ҚҚС және кедендік алымдар кірді. Импорттық баж салығы автокөлік құнының 10% құрады, бірақ қозғалтқыш көлеміне байланысты 1 куб см үшін 0,1 еуродан кем болмауы тиіс. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап, яғни, Кедендік одақ күшіне енгеннен кейін мемлекеттік баж салығының ставкасы 35% дейін өсті, алайда, қозғалтқыш көлеміне байланысты 1 куб см үшін 2,8 еуродан кем болмауы тиіс. Сөйтіп, сол машинаның кедендік рәсімделуі 12 836 долларға шықты. Ал, Қазақстан мен Ресейге жеңілдік режимі туралы келісімге келген өткен жылдың 1 шілдесінен бастап машиналарға біздің шекарамыздан бар болғаны 1 325 долларға өтуге болатын болды.
Қазіргі жеңілдік режимі кезеңінде көлікті сатып алудың тиімділігін түсінген қазақстандықтар көліктерді 1 шілдеге дейін тапсырыс беріп және оны әкеліп үлгеруге тырысуда. Зиянсыз да болмады. Кейде кедендік рәсімдеу барысында көліктің шығарылғанына 10 жылдан асып кеткендігі белгілі болады, ал бұл оны рәсімдеу кезінде жеңілдік режим емес жоғары деңгейдегі тариф қолданылады дегенді білдіреді. Әрине, бұл оның қожайынына тиімді емес. «Автокөліктерді рәсімдеу барысында мамандар ресми болып табылатын carfax, VINformer сайттарында көрсетілген мәліметтерді қатерге алады. Автокөліктің 17 нышаны бар ВИН-код бойынша машинаның барлық тарихын біліп алуға болады. Ол қайда және қашан шығарылды, қашан сатылды және басқасын да білуге болады. Қолайсыз жағдайға тап болмауы үшін автоәуесқойлар автокөлік туралы мәліметтерді өздері-ақ осы сайттардан қарап, тексеріп алуына болады», - дейді Ахмедияр Жалғасов.
Пайдаланылған газдағы зиянды заттардың құрамын реттеуші Еуро-3 экологиялық стандартты енгізу алғашқыда 2011 жылдың 1 қаңтарына көзделген еді. 2007 жылдың 29 желтоқсанында-ақ, үкіметтің қаулысымен ««Қазақстан Республикасы аумағында жүретін автокөлік құралдарынан бөлінетін зиянды қалдықтарға қатысты талаптар туралы» техникалық регламент бекітілген болатын. Еуроодақ және АҚШ елдерінде бензинді қозғалтқыштар 2001 жылдан бастап, ал, дизельдер 2002 жылдан бастап Еуро-3 стандартына сәйкес келеді. 2003 жылы бұл елдердің қатарына Корея, 2004 жылы Канада, 2005 жылы Жапония, 2008 жылы Қытай, 2010 жылы Үндістан қосылды. Техникалық регламентке сәйкесті Еуро-3 экологиялық кезеңге сәйкес келетін автокөлік құралдары тарататын зияынды заттардың үлестік нормативі ҚР аумағына 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілуге тиісті еді. Бұл Еуро-3 стандартына сәйкес келмейтін автокөліктерді әкелуге шектеу қояды.
Жаңа экологиялық нормаларды енгізу жөніндегі хабар жыл басынан бері автоәуесқойларды қатты абыржытты. Өйткені, олардың көпшілігі шетелдерден Еуро-3 стандартына сәйкес келмейтін автокөліктерді әкелуге тапсырыс беріп те үлгерді ғой. Көліктерді жеткізіп беру және кедендік рәсімдеуден өткізуге бірнеше ай уақыт кетеді және жаңа жылға дейін оларды елге әкелу мүмкін болмас та еді. Осы нормаға байланысты жаңа экологиялық талаптарды енгізу 1 шілдеге дейін тоқтатылды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА