Атырау, 18 желтоқсан 21:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

«Ел билігі тобырдың қолына тиеді-ау...». «Қызылорданың қазақтары ұйғырға айналыпты». «Білім ордасындағы былықты кім тоқтатады?». «Карлагта тұтқындарды қалай азаптағанын көрсетті». «Беделің қандай полицей?».

2 309 просмотра

TURKYSTAN.KZ. "«Лад» тағы сандырақтай бастады" - Жақында russianskz.info сайты Михаил Александровтың «Қазақстан мен Қырғызстандағы орыс мәселесі: жағдай оңалар емес...» деген мақаласын көшіріп басыпты. Онда автор Қазақстанның Кедендік одаққа мүше екендігін баса айта келе, «Еуразиялық одақ құруға ұмтылып отырған мемлекеттен орыстар тағы да қашуда» деп жазады. «Соңғы жарты жылда Астана жақтан Ресейге қатысты жағымсыз әңгімелер желдей есіп жүр. Әуелі Қазақстан билігі Байқоңырға қатысты жаңа шағым айтып, сосын латын әліпбиіне көшу туралы мәлімдеме жасады. Ал шын мәнінде, кириллица әліпбиі қолданысқа енгенге дейін қазақтардың не жазуы, не мемлекеттігі болған емес. Соған қарамастан кейбір жергілікті ұлтшылдар орыс тіліне тыйым салу туралы референдум ұйымдастыруға тырысып бақты. Сорақысы сол, бір-екі күндікте «2013 жылы Қазақстаннан Ресейге кеткісі келетін орыстар санының екі есеге артып отырғандығы туралы ақпарат түсті», – дейді ол.

INFORM.KZ. "«Болашақты» бітірген 47 қазақстандық шетелде қалып қойды" - «Біз «Болашақ» бағдарламасын бітірген студенттерді олар білім алып елге оралғаннан кейінгі қызметіне 5 жыл бойы мониторинг жүргіземіз. Бұдан кейінгі кезеңде олар шетелдерге шығып қызметін жалғастыру мүмкіндігін иеленеді», - деді С. Нұрбек.

ALASHAINASY.KZ. «Қазақ әлемге төл мұрасымен қашан мақтанады?» - Шындап келгенде, ЮНЕСКО тізіміне енгізу үшін ұлттық құндылықтарымыздың санын анықтап алу басты мақсат емес. Керісінше, ғылыми тұрғыда зерделенген ұлттық құндылықтарымыздың тізімін әзірлеу, ең әуелі, өзіміз үшін, келер ұрпақ үшін қажет дүние. Кейін сол тізімнен ЮНЕСКО-ның назарына кезең-кезеңімен ұсынып отырсақ, қазақ абыройсыз қалмас. Неге десеңіз, 2009 жылы Үндістан, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан, Түркия секілді жеті мемлекеттің атынан бүкілдүниежү­зілік тізімге төлтуындылары ретінде Наурыз мейрамын енгізген. Тізімнің ішінде Қазақстан жоқ.

«Парламентіміздің Жириновскийдің желікпе сөздеріне «қырғызша» жауап беруге қауқары жетпегені ме?» - Айыр қалпақты ағайын әрбір елге тіл тигізіп, этикаға кереғар мәлімдеме айтқыш Жириновскийге есігін тарс жаппақ. Кеше ғана Қырғызстан Парламенті Ресей Думасының депутаты, Либералды-демократиялық партия көшбасшысы Владимир Жириновскийді «нон грата» тұлғасы деп жариялап, елдің Сыртқы істер министрлігіне оны республика аумағына кіргізбеу туралы мәселені қарауды тапсырды. Оппозициялық «Ата Жұрт» партиясынан сайланған депутат Жылдызқан Жолдошованың Жириновскийді елге жолатпау туралы ұсынысын 100 депутаттың 67-сі қолдап, дауыс берген.

SHYN.KZ. «Ел билігі тобырдың қолына тиеді-ау...» - «Назарбаевтан кейінгі Қазақстан» билік пен оппозицияны, олигархтар мен шетел инвесторларын ғана емес, Елбасының өзін де ерекше елеңдетіп отырған көрінеді. Сондықтан, «Супер­пре­зиденттік басқарудан – олигархтық парламентаризмге көшудің» тетіктері қарастырылып, парламенттік басқарудың тиімділігі жан-жақты зерделеніп жатыр.
Жаңа тәсілдің құпиясы мынадай: Президент лауазымы сақталып қалады. Бірақ, екінші президент тек қана сыртқы саясат мәселелерімен ғана айналысады. Меніңше, бұл – бір қанаты қырқылған құс сияқты...

«Тағы да ҚазҰУ-дегі жемқорлық жайлы» - Алмагүл ханым заңды белшесінен басып, жоғарыда аты аталған студенттердің ата-аналарынан пара алып, журналистика факультетіне төмен балмен қабылдап қана қоймай, 1 семестр соңында оқытушыларға ол студенттерге 100 бал қоюларын талап еткен.  Дәрістерге қатыспаған студенттерге қалай 100 бал қоятындарын айтқан оқытушыларға «Олар ректораттың адамдарының балалары, 100 бал қоясыңдар» деп ректорат атын жамылып, қысым көрсеткен. Сонымен, 1 семестрдің аяғында журналистика факультетінің 10 студенті 100 балмен заң факультетіне Құрманбаеваның жемқорлық әрекетімен ауыстырылды-бұл бір факт.

«Қызылорданың қазақтары ұйғырға айналыпты» - Өткен ғасырдың 20-жыладры Қызылорда облысынан 500-ден астам қазақ ауып келіп қоныстанған. 90 жыл бойы ұйғырлармен аралас-құралас болып, қыз алысып, қыз беріскен қазақтар тілдік ерекшеліктерін, ұлттық болмыстарын сақтай алмады. Қытайлар үшін ұйғырмен қазақ бірдей болып көрінеді әрі  қазақ болғандықтан көбірек түткі көрген жүрген қандастарымыз құжаттарына ұлты ұйғыр деп жазғанда мыңқ етпеген.

AIKYN.KZ. «Білім ордасындағы былықты кім тоқтатады?» - Директор мен ұстаздың ауызбіршілігі қашанда керек. Бірақ мектеп директоры өзінің қызметін пайдаланып, ойына келгенін істеп, алақандай ауылда әділетсіздік болып жатса, не шара? Мұны неге айтып отырмыз? Қызылорда облысы Қазалы ауданы Шәкен ауылындағы №134 орта мектептің мұғалімдері директор Ш.Жаңабаеваның әрекетіне шыдай алар емес.

«Жат жұрттағы жастар неге есепке тұмайды?» - Жат жұртқа оқуға барған жастар­-ға бақылаудың болмауы, ақыр соңында, олар­дың базбірінің «№1 террорист» деп жа­­­зылған көлікпен тайраңдауына әкеледі.

– Бостондағы оқиғаларды алдын ала болжауға да болатын еді, – деді Мәжіліс депутаты Гүлнәр Ықсанова. – Бір жыл бұрын Қазақстан азаматын атып тастады. Басқа да оқиғалар кездесті. Бұл – жүйелі мәселе. Сондықтан біздің шетелдегі елші­ліктермен бірлесіп, осы істі ұйымдасты­ру­ларыңыз керек. Бұл жерде сіздердің рөл­деріңіз негізгі болуға тиісті.

AZATTYQ.ORG. «Қазақстандағы дін еркіндігі: жаңа заңның әсері» - АҚШ үкіметі мамырдың 20-сы күні 2012 жылғы әлемдегі сенім бостандығы ахуалына қатысты есебін жариялады. Бұл құжатта Қазақстан билігіне қарата сын-ескертпелер айтылған. "Дәстүрлі" деп танылған діни топтардан өзге азшылықтарға тіркелу мен жоралғы жасауға қатысты қойылатын шектеулер сипатталған.

«Карлагта тұтқындарды қалай азаптағанын көрсетті» - Қарағанды облысы Долинка ауылындағы саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде ерекше экскурсия өтті. Келген адамдар Карлаг тұтқындарының қандай тозақтан өткенін көрді.

«30 жыл бұрын әлем ВИЧ инфекциясы туралы білді» - Ғалымдар осыдан 30 жыл бұрын СПИД дертіне себеп болатын вирустың не екенін анықтады. Қазір әлемде бұл ауруды жұқтырған 34 миллион адам өмір сүреді. Қазақстанда олардың саны 20 мыңнан асқан.

SERKE.ORG. «Рахат Әлиевті жан-жақтан қысып жатыр» - Мальтаның журналистері Рахат Әлиевтің жан-жақтан қыспаққа алынғанын жазып жатыр. Times of Malta газетінің журналисі Арнольд Кассола 18 мамыр күні «Жерорта теңізі аумағындағы қазақтың құпиясы» атты мақала жариялады. Мұның қызығы сол, Арнольд Кассола - Мальтаның Alternattiva Demokratika партиясының өкілі. Ал бұл партия Еуропаның «жасылдар» партиясының Мальтадағы бөлімшесі іспетті. Сондықтан Рахат Әлиевке қарсы жазылған мақаланың дүмпуі  Еуропада да сезіліп, мұның арты үлкен дау-дамайға ұласуы мүмкін.

«Диплом сатқан ұстаз ұсталды» - 30 000 теңге пара Б.Сопбековтың костюмінің оң жақтағы төс қалтасынан табылып, айғақты зат ретінде алынған. Бұдан бөлек, Қ.Шеримбетова Кентау қаласындағы № 7 кәсіптік лицейде «аспазшы» біліктілігі бойынша оқымаса да, оқыды деп көрсетілген Б.Сопбековтен 20 000 теңгеге сатып алған, яғни өзінің заңсыз куәлікті   сатып алғанын мойындап, ол бойынша Б.Сопбековке заңды шара көруді сұраған.

ZHEBE.COM. «Беделің қандай полицей?» - Қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін погонды полиция қызметкерлерінің беделі қандай? Ештеңені бүлдірмесе де қызыл қалпақтыларды көргенде қарапайым жұрт жиырыла қалатынын қалай түсінуге болады? Полицияға кезіге қалса кез келген адам үрейленіп қалатыны жасырын емес. Өркениетті елдерде азаматтар полицияны өздерінің қорғаушысы санаса, біздің елімізде ондай түсінік әлі қалыптаса қоймаған сияқты. Бұлай болуының себептері де жоқ емес.

ABAI.KZ. «Жаһандану және ұлттық мәдениет» - Жаһандануды әмбебап мәдениетке қол жеткізу процесі ретінде танитындар мен бұның жүзеге асуының мүмкін еместігін өздерінше дәләлдеп жүргендер көп [1].

Әуел баста бұл дүниедегі мәдениет атаулының әртүрлі болғандығын, кейіннен этникалық топтардың бірігіп, айырмашылықтарының азайып келе жатқандығын, ғылым мен технология көмегі арқылы да бұл айырмашылықтар жойылып, ортақ саяси, экономикалық және мәдени негізге қол жеткізуге болатындығын айтып жүргендер де кездеседі.

21 мамыр 2013, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.