AZATTYQ.ORG. «Eurovision: бас демеуші ТеliaSonera дауға қалды» - Байқаудың бас демеушісі, құрамында қазақстандық Kcell бар TeliaSonera-ның «адам құқығын бұзатын елдермен пайдаға бола келісімге барған» деп айыпталуы ұйымдастырушыларға жайсыз тиді.
EGEMEN.KZ. «Лаңкестікке қарсы күрес халықтық сипат алуы тиіс» - 2012 жылы қазан айында Қазақстан Парламенті «Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы қолма-қол ақша қаражатын және (немесе) ақша құралдарын өткізу кезінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы шартты ратификациялау туралы» Заң қабылданды. Кештеу болса да, діни ұйымдардың қызметін реттеуді көздейтін заң қабылданды. Дін істері агенттігі құрылды.
BAQ.KZ. «Тұрғын үй құрылысында делдалдар көп» - «Осы күні барлық құрылыс материалдарын санап, қаттап, бағаларын, қызмет ақысын бәрін-бәрін есептеудеміз. Оның ішінде, әрине, ағаш, темір, кірпіш секілді тауарларды өндіру мен жеткізу, тұрғызу секілді қызмет түрлерін де жіті назарға алудамыз. Себебі, осындай қызметтердің қатарында қажетсіз басы артық жұмыс түрлері де кездесіп жатады. Бұл бағаның артуына ықпалын тигізеді. Осының бәрін мұқият зерделесек, арада жүрген қажетсіз қызмет түрлерін қағып түсірсек, ол тұрғын үй бағасының арзандауына өз септігін тигізетін болады», - дейді Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов.
HALYKSOZI.KZ. «Құлақтың құлығын алу үшін де қыруар қаржы керек пе?» - Халықтың денсаулығы рас алаңдататын болса, Денсаулық министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы бірлесе отырып, ауыл-аймақта емханалар ашса пайдасы мың есе болар ма еді-ау дейсің. Әрі-беріден соң дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіріп үлгеріп, енді озық 30 елді бетке алған мемлекет екеніміз рас болса, ел-елді аралап бір күндік ем жасау дегеніміз тіпті ұят та ғой. Дамыған мемлекет болса халқы пойызда емделмей, өз аулына тиесілі емханасында я ауруханасында ем-домын қалбылдамай ма екен.
ZHASALASH.KZ. «Абат Нұрсейiтов: Мен үшiн ең бастысы – мұнайшының қамы мен өндiрiстiң жайы» - Қазыналы Маңғыстау түбегiнiң бiр бүйiрiнде бұйығы жатқан Жаңаөзен қаласы бүгiнде жалпақ жұртқа мәлiм. Бiр жылдан астам уақыт бұрын Қазақстанның батысындағы осы бiр шағын қаланың кеншiлерi өз құқықтары үшiн белсене күрескен едi. Өзен кенiшiн игерушiлердiң жұмыс жағдайын жақсартуды талап еткен наразылықтарын төрткүл дүние бiлдi. Жаңаөзен халқының бүгiнгi жай-күйi қалай?]
AIKYN.KZ. «Алда миграциялық қақтығыстар кезеңі тұр...» - Әзімбай ҒАЛИ, саясаттанушы:
«Егер назар аударсаңыз, орыстілді баспасөзде ең үлкен, ең ұлы тақырып – Қытай жақтан төнетін қауіп. Айландырып соны жазады. Қазақстан мұнайының төрттен бірін алып қойды деп те үркітеді. Ал Ресей жайлы жұмған аузын ашпайды. Неге олар Ресей Қазақстанның уранын, ядролық отынының көп бөлігін иемденіп қойды деп мәселе көтермейді. Неге? Шындап келгенде біздің ел үшін үлкен қауіп белдеуі белгісіз? Әлі де оны сараптау, безбеннен өткізу қажет».
«Қалталыларға қосымша салық енгізу қажет пе?» - Жылына 200 мың доллардан кем емес табыс табатындарға қосымша салық салу туралы бастама көтерді Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков. Оның айтуынша, байлар жалпы кірісінің үштен бір бөлігін ортақ қазынаға құйғаны дұрыс. «Егер супербай болса, орташа күн көрістегі қазақстандық төлейтін салық оған түк емес. Сондықтан байларға бөлек салық енгізген жөн. Сол арқылы байлар Қазақстанның дамуына өз үлесін қоса алады», – деп мәлімдеді депутат.
«Ғылым саласында кімдер жүр?» - Ғылым саласындағы былықтар ашылуда. Осыған қатысты ақпар Парламентке хабарланды. Оған жүгінсек, жүргізілмеген ғылыми зерттеулерге ақы төленген, шетелдік әлдебір мекемелерге заңсыз қаржы аударылған. Белгілі болған дерек бойынша материалдар шешім қабылдауы үшін Бас прокуратураға тапсырылған. Бұл мәліметтің шет-жағасын кеше сенаторларға Есеп комитетінің мүшесі Константин Плотников айтып берді.
ALASHAINASY.KZ. «Егеуқұйрық пен түлкі етінің қазанымызда қайнап жатпасына кім кепіл?» - Ресейдің тұтыну одағы Қытайдан келген етті алмау туралы жұртшылығына «жарапазан» айтуда. Қой мен сиыр дегені – егеуқұйрық пен түлкінің еті екені әйгіленіп, қытайлықтардың беті ашылғалы бері Ресей көршімізден маза кетті. Қытайға шығуға бел буған отандастарын сақтандырып әлек. Жаманат хабарды естісімен РФ Ресей тұтыну одағы жедел атқа қонды. Аймақтық, аумақтық бөлімшелеріне ет сататын барлық сауда орындарын жіті бақылауды, тексеруді тапсырған. Олардың айтуынша, бұл еттерде аса жұқпалы аурулардың вирусы кездесуі әбден мүмкін.
SERKE.ORG. «Кеден одағындағы өзара сауда көлемі азайды» - 2013 жылдың І тоқсанында Кеден одағы елдерінің арасындағы өзара сауда көлемі І тоқсанда 9,7 % төмендеді, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК). «2013 жылдың І тоқсанында өзара сауда көлемі15 млрд АҚШ долларын, немесе 2012 жылдың сәйкес кезеңге қарағанда 90,3% құрады», - делінген ЕЭК сайтында жарияланған ақпаратта.
«Зейнетақы реформасы не мақсатты көздейді?» - Қазақстан парламентінің екі палатасының депутаттары да Үкімет пен Ұлттық банктің әйелдердің зейнетке шығар жасын көтеру керектігі туралы уәждарымен шұғыл түрде келісе қалғаны көпті таң қалдырады. 2 сәуірде заң жобасын үкімет мақұлдаса, 16 мамырда «ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заң жобасы мен ілеспе түзетулер топтамасын бірінші оқылымда сенат мақұлдады. Және қоғамда биліктің бұл бастамасына қатысты көңіл күйі онша болмағанына қарамастан билік өз дегенінен танбай отыр.
ABAI.KZ. «Бұл күндегі діндердің бәрі нашар» - Дәстүрлі емес діни ағымдар қазақ жерінде 1990 жылдары пайда болды. Қазіргі таңда олар қалың жұртшылықты алаңдатқан әлеуметтік жәйттің біріне айналып отыр. Өйткені, өмір айдынына енді ғана шыққан жас өскіндер арасында бөтен діннің шырмауына оралып, адасып жүргендер баршылық. Әсілі, бұл таң қаларлық құбылыс емес, өмірдегі түзу жолы мен қоғамдағы өз орнын табуға ұмтылу әрбір жаңа толқын ұрпақтың сыбағасы. Ғұлама Абай: «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан» деп білмесе айта ма. Бірақ қаланатын кетікті кәне тауып көр, мына күрделі заманда. Дәстүрсіз діндерден төнетін рухани қатер де осы арада.
«Астана тойы: Крутойдың командасынан көз ашпайтын болдық...» - Ресейлік Крутой расында да «крутой» екен. Түкірігі жерге түспей тұрған «Игорь Крутойдың командасы» биылғы мерекеде де бір апта бойы кернейлетіп, сырнайлатпақ. Крутойдың жеке шығармашылық кеші өтпек. Орыстың әнін әуелетіп жүрген Валерия, Александр Серов, Лайма Вайкуле, Николай Басков, Игорь Крутой, Филипп Киркоров, Валерий Леонтьев, Ирина Аллегровалар қазақ сахнасында тағы да ән шырқайды. Франциядан Патрисия Каас, Түркиядан Таркан келмек. Егер Мәскеу қаласының мерейтойы болса, Кремль немесе «Олимпийский» сарайларында біздің Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев, Роза Рымбаевалар ән айтар ма екен? Қайдам ... Ресей ондай қонақжайлылыққа бара қоймас-ау...
ZHEBE.COM. Сайран ҚАДЫРҰЛЫ:«Қазақ болып туғаным қылмыс болмаса, басқа ешқандай қылмысым жоқ!» - Моңғолия қазақтарының арасынан шыққан белгілі саясаткер, білікті дипломат Сайран Қадырұлына моңғол баспасөзінің «отанын сатқан», «Қазақстанның шпионы» деген айып тағып, елді дүрліктіргенін айтқанбыз. Дипломатқа атажұрттағы қандастар да қолдау көрсетіп, бірнеше ақпараттық порталдар хабар таратқан-ды.