Атырау, 19 желтоқсан 18:40
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

Сәби аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмды

1 573 просмотра
freepik.com 

23 желтоқсанда Атыраудағы №2 облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде ауыр жіті вирустық инфекция мен пневмонияның асқынуынан 2023 жылы туған бала қайтыс болды.

Белгілі болғандай, сәби 9-15 желтоқсан аралығында ЖРВИ және жедел бронхит диагнозымен ауруханада емделген. Жағдайы жақсарған соң үйіне шығарылды. Ауруханадан шыққан кезде мекен жайы бойынша актив №1 емханаға  бекітілген. Екі күннен кейін баланың ата-анасы емдеу мекемесіне қайта барып қаралған. 21 желтоқсанда жағдайы нашарлап, дене қызуы көтеріліп, жөтелінің күшеюіне байланысты ауруханаға қайта жатқызылған.

№2 Атырау облыстық ауруханасы әкімшілігінің мәліметінше, қойылған диагноз негізінде науқасқа емдеу хаттамасына сәйкес емдік-диагностикалық шаралар тағайындалған. 23 желтоқсанда нәресте ауыр жіті вирустық инфекция мен пневмонияның асқынуына байланысты жансақтау бөліміне ауыстырылды. Барлық жүргізілген жансақтау шараларына қарамастан бала көз жұмды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

26 желтоқсан 2023, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.