Атырау, 18 желтоқсан 15:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Атырау облысында АӨК саласында бірде-бір жоба жүзеге асырылмаған

616 просмотра

Айдарбек САПАРОВТЫҢ төрағалығымен өткен Ауыл шаруашылығы министрлігінің алқа отырысында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және олармен байланысты мәселелер талқыланды.

АШМ басшысы 2022 жылы Ауыл шаруашылығы министрлігі әрбір әкімдікпен бірге жалпы сомасы 2,7 трлн теңгені құрайтын 877 инвестициялық жобаның 2025 жылға дейінгі Жол картасын бекіткенін еске салды.

«Әрбір жобаны нақты пысықтау барысында жалпы пул әлдеқайда аз екені анықталады. Сұрақ туындайды: жергілікті жерлерде алдын ала тізбе қалай қалыптастырылды? Геосаяси өзгерістер, азық-түлік жүйелерінің тұрақсыздығы, саланың белгілі бір деңгейде қаржыландырылмауы инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жоспарларға әсер еткені түсінікті. Бірақ жобалар пулының екі есеге қысқаруы олардың толық өңделмегендігін және кейбір әкімдіктердің осы мәселеге қатынасын көрсетеді», - деді министр.

Вице-министр Әбілқайыр Тамабектің ақпараты бойынша, 2023 жылғы қазанда жобалар пулына ревизия жүргізілді, оның нәтижелері бойынша бастапқы 877 жобаның ішінен 1,4 трлн теңгенің 632 жобасы іріктелді. Инвестициялық жобалар үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және импортты алмастыру негізгі өлшемдер. Негізгі бағыттар суару, құс етін өндіру, қоймалар мен тауарлы сүт фермаларын салу болды. Сондай-ақ, ет, сүт, астықты терең өңдеу және өнеркәсіптік жылыжай шаруашылығын дамыту басымдыққа ие болды.

Вице-министрдің мәліметінше, 1,5 трлн теңгенің 154 жобасы алынып тасталды, олар қажетті инфрақұрылыммен, жермен және қаржы қаражатымен қамтамасыз етілмеген. Әбілқайыр Тамабек жергілікті атқарушы органдардың жергілікті жерлердегі жұмысының әлсіздігін және жобаларды іске асыруға қызығушылықтың жоқтығын айтты.

Осылайша, биыл 354,6 млрд теңгенің 315 жобасын іске асыру жоспарланған. Өңірлердің деректеріне сәйкес, аталған пулдан 182 млрд. теңгенің 224 жобасы пайдалануға берілді. 50%-дан аз орындалу – Абай (20%), Шымкент (35%), Батыс Қазақстан (44%), Ақмола (48%). Ал, Атырау облысында 28 қарашадағы жағдай бойынша АӨК саласында бірде-бір жоба іске асырылмаған.

Жалпы, 2023 жылдың он айының қорытындысы бойынша (қаңтар-қазан) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 918 млрд теңгені құрады. 2022 жылы бұл көрсеткіш 798 млрд теңге болатын.

Азық-түлік өнімдеріне салынған инвестициялар көлемі 112 млрд теңгені (2022 жылы - 102 млрд теңге) құрады. Республиканың бес өңірінде - Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе облыстарында және Алматыда инвестициялар көлемінің төмендегені байқалды. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 778,2 млрд теңгені құрады (2022 жылы - 674,5 млрд теңге). Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының арқасында оң серпін сақталып отыр.

Бұл ретте республиканың 9 өңірінде 2022 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда инвестициялар көлемінің төмендегені байқалды. Ең көп төмендеген көрсеткіш - Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Қарағанды және Ақмола облыстарында.

АӨК-дегі негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша көрсеткішке қол жеткізу шеңберінде 2023 жылға арналған 1 349,3 млрд. теңге жоспардың орындалуы 68% -ды немесе 918 млрд. теңгені құрайды. Бұл көрсеткішті арттыру үшін жергілікті атқарушы органдар:

1) 2023 жылға жоспарланған инвестициялық жобаларды уақтылы пайдалануға беруді қамтамасыз етсін;

2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің статистика органдарына 1-инвест (заңды тұлға) және 1-КФХ инвест (жеке тұлға) есептерін толық көлемде ұсынуын қамтамасыз етсін.

АӨК-ге инвестициялар тарту мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша импортқа тәуелділікті төмендету үшін СҚО тәжірибесін көбейту жөніндегі бағдарлама жалғасады. 2024 жылы оған тағы 100 млрд теңге бөлу  жоспарланып отыр.

Министрлік «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 2,4 млрд доллар болатын 45 әлеуетті жобаның пулын жасақтады. Жобалар өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ветеринария салаларын қамтиды. Бүгінгі таңда шетелдік қатысумен екі жоба  пайдалануға берілді

 «Жыл соңына дейін бір ай қалды, жоспар бойынша біз тағы 91 жобаны іске қосуымыз керек. Премьер-министрдің тапсырмасына сәйкес, ҚР Инвестициялық саясат тұжырымдамасы аясында АӨК-ге негізгі капиталға салынатын инвестицияларды тарту көрсеткішіне қол жеткізу үшін жыл соңына дейін негізгі капиталға 431,3 млрд теңге инвестиция тарту қажет. Облыс әкімдіктері бекітілген мақсатты индикатор аясында жоспарланған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстарын күшейтуі керек», - деп түйіндеді Айдабек Сапаров.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

6 желтоқсан 2023, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.