Атырау, 21 қараша 23:38
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Атырауда жол апатына түскен сәбиге күрделі ота жасалды

969 просмотра

Облыстық балалар ауруханасында жеті айлық балаға күрделі ота жасалды. Оншақты күн бұрын жол апатына ұшыраған баланың бас сүйегі, төменгі жақ сүйегі сынған.

26 қараша күні Түркістан қаласынан арнайы шақыртумен келген бет-жақ хирург маманы Қанағат ҚОЖАМЖАРОВ дереу іске кірісіп, баланын төменгі жақ сүйегіне ортопедиялық қалпына келтіру отасын жасады. Бұл күрделі ота болып саналады.

Облыстық балалар ауруханасы хабарлағандай, қазір сәби бөлімшеге ауыстырылған, жағдайы қанағаттанарлық.

Түркістандық хирургқа оның ассистенттері - Атырау облыстық балалар аурухананың бөлім меңгерушісі Бауыржан ҚАДЫРҒАЛИЕВ, лор-дәрігерлер Ақбота БЕКМАҒАМБЕТОВА, Айжарық  ЖОЛМАҒАМБЕТОВ, анестезиолог Ерлан КУДЕРИЕВ көмектесті.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Облыстық балалар ауруханасының парақшасынан алынған суреттер

30 қараша 2023, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.