Атырау, 21 қараша 23:18
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Атырау облысының 503 тұрғынынан ВИЧ инфекциясы анықталды

701 просмотра

Осы аптада Қазақстанда «Көшбасшылық – қауымдастықтарға» деген ұранмен АИТВ (ВИЧ) инфекциясына қарсы іс-шаралардың онкүндігі өтіп жатыр. 

Мамандар қоғамдастық өкілдері ЖИТС-ке қарсы күреске белсене атсалысса, індетті жеңуге болатынын айтуда. Атырау облысында осы бағытта бір үкіметтік емес ұйым белсенді жұмыс жасап отыр. Болашақта қоғамдық ұйымдардың санын арттыру мәселесі де күн тәртібінде тұр. 

- Өңірде АИТВ инфекциясының алғашқы жағдайы тіркелген 1993 жылдан  бүгінге дейін 503 адамда аталған ауру анықталып, қазіргі уақытта 330 адам диспансерлік есепте тұр. Көбінесе бұл дертке 20-49 жас аралығындағы жандар шалдығады. Біздің негізгі мақсатымыз – халық арасында инфекцияның алдын алу шараларын ұйымдастыру. Осы орайда орталық жергілікті атқару органдарымен, денсаулық сақтау, білім, жастар саясаты басқармаларымен, басқа да салалармен және қоғамдық ұйымдармен бірге жоспарлар жасақтап, орындалуын қамтамасыз етіп отыр, - деді Атырау облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бөлім меңгерушісі Әсем СЕРІКБАЕВА. Сондай-ақ, оның айтуынша, Ішкі істер, Қорғаныс министрлігі, Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде АИТВ-ның алдын алу шаралары ұйымдастырылып, жеке құрам мен медицина қызметкерлерінің, жазасын өтеушілердің арасында семинарлар, тренингтер, т.б. іс-шаралар жүргізіліп отыр. Сонымен қатар әлеуметтік осал топтарды қамту үшін орталықта «Достастық» кабинеті мен «Сенім» бекеттері жұмыс жасауда.

Бұл кабинеттердің медицина қызметкерлері рейдтерге шығып, түсінік жұмысын атқарады. Халыққа, бизнес-құрылымдарға АИТВ/ЖИТС-тің таралу және алдын алу жолдары туралы ақпарат беріліп, түрлі сала мамандары, жалпы орта білім беретін мектептер мен арнайы орта және жоғары оқу орындарының мұғалімдері, оқушылары және студенттері оқытылады.  

Айта кетейік, жыл басынан бері аталған аурудың алдын алу үшін 517 іс-шара ұйымдастырылған. Сонымен қатар мамандар елімізде  аталған  індеттің  алдын алу  үшін  қызметкерлер, дәрі-дәрмектер, құрал-жабдықтар жеткілікті екенін айтуда.      

28 қараша 2023, 17:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.