Атырау, 21 қараша 23:58
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Алматы, Шымкент, Атырауда анықталды: Гонконг тұмауы несімен қауіпті?

1 086 просмотра
Freepik 

Қазақстанның бірнеше аймағында A/H3N2 типті тұмау (Гонконг тұмауы) анықталды. Бұл тұмаудың қандай түрі және ол несімен қауіпті?

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Роза Қожапованың айтуынша, бұл «жаңа тұмау түрі емес және тіпті осы эпидемиялық маусымда болады деп болжанған».

«Қазақстанда былтыр және алдыңғы жылы тұмаудың A/H3N2 типті түрлері анықталған және 1 қазанда басталған биылғы эпидемиялық маусымда өтеді деп болжанған еді», - деп түсіндірді ол.

Сарапшының айтуынша, «гонконг тұмауы» алғаш рет өткен ғасырда, шамамен 1968-1969 жылдары Гонконгта анықталғандықтан осындай атау алған.

Қожапова атап өткендей, қазір тұмаудың мұндай атауы жоқ.

«Қазақстанда бұл штамм алғаш рет 1969-1970 жылдары анықталған және жыл сайын дерлік таралып тұрады. Ол осындай симптомдары бар кәдімгі тұмау сияқты өтеді. Ең бастысы, бұл тұмаудың штаммы жыл сайын ерікті түрде егетін тұмауға қарсы вакцина құрамына енгізілген.

Биыл бізде тұмау былтырғыдан сәл кеш анықталды. Биыл 1 қазаннан бастап Қазақстанда зертханамен расталған оң нәтижелі 19 жағдай ғана анықталды. Оның 18-і A/H3N2 (Гонконг тұмауы)», - деді Қожапова.

Оның айтуынша, Гонконг тұмауы:

Атырау облысында – 9 жағдай;

Шымкент қаласында – 5 жағдай;

Алматы қаласында – 2 жағдай;

Жетісу облысында – 2 жағдай;

Алматы облысында – 1 тұмау жағдайы анықталған.

21 қараша 2023, 17:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.