Атырау, 22 қараша 04:54
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атырауда қызылшаға қатысты жағдай күрт нашарлап кетті

1 042 просмотра
freepik.com 

Атырау қызылша жұқтырудан Шымкент қаласынан кейін екінші орында тұр. Бұл аурудың өршуіне байланысты бірнеше ауруханада кереует санын көбейту қарастырылып отыр.

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Жасұлан БИСЕМБИЕВ өзінің әлеуметтік парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, Атырауда жыл басынан бері 1400 адам қызылша ауруымен тіркелген. Қазіргі уақытта Атырауда эпидеомиологиялық ахуалды бақылау үшін облыс әкімдігі жанынан жедел штаб құрылды. Бисембиевтың сөзінше, №2 облыстық ауруханада 110 адам емделіп жатыр.

- Емделіп шыққандардың 90 пайызы 10 жасқа дейінгі балалар. Ауырып жатқандардың көбі жоспарлы иммундау кезінде екпе алмағандар, - деп жазады Ж.Бисембиев.

Оның айтуынша, қарашаның ортасында жас ерекшеліктеріне қарай жаппай иммундау жұмыстары басталады.

Ал осыдан бірер күн бұрын облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі «АЖ» тілшісі сауалына қызылша ауруы бойынша бәрі қалыпты, кереует де жеткілікті деп жауап берген еді. Бірнеше күннің ішінде ахуал соншалықты өзгеріп кеткені ме? Әлде «ауруын жасырған өледі» дегенді ұмыттық па?

Айнұр САПАРОВА

4 қараша 2023, 19:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.