Атырау, 11 желтоқсан 05:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Бизнес көбіне салықшылармен, сот орындаушылармен және әкімдікпен дауласады

735 просмотра

Атырау облыстық соты өңірлік кәсіпкерлер палатасы алаңында «Бизнеске қатысты талап қоюлар бойынша дауларды шешудің баламалы тәсілдерін қолдану. Сот тәжірибесін талқылау» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Іс-шараға әкімшілік алқа төрағасы, МАӘС судьялары, облыстық және қалалық әкімдік, «Атамекен» ӨКП, Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Мемлекеттік кірістер департаменті, Мемлекеттік кірістер басқармасы, БҚЖДА, Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы, Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы, Жер қатынастары бөлімі, Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі, «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ өкілдері, адвокаттар мен кәсіби медиаторлар қатысты.

Қатысушылар бизнеске қатысты талаптардың соттағы тәжірибесін, дауды шешудің сотқа дейінгі немесе балама жолдарын талқылады. Облыстың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Анаргүл САЛИХОВА төмендегідей статистикалық мәліметтерді келтіре кетті. 

Өңірде 9 айда бизнеске қатысты 164 талап қою арызы түсті, бұл шамамен жалпы түскен талап арыздардың 30 пайызын құрайды. Кәсіпкерлер сотқа көбіне жеке сот орындаушыларға шағымданып, салық даулары, әкімдікпен арадағы жер дауы бойынша жүгінеді. Бұдан басқа, мемлекеттік сатып алу органдарының іс-әрекеттеріне, еңбек, кедендік дауларға, БҚЖДА, мемлекеттік қызметтер көрсету саласында, монополияға қарсы дауларға қатысты талап қою арыздары келіп түседі. 

Талап қою арыздарын қанағаттандыру туралы шешімдер 71% құрайды. Татуласу бойынша көрсеткіш өте төмен - жыл басынан бері барлығы 10 іс.

Баяндамада бизнес өкілдерінің назарын талап қою арыздар мерзімдерін сақтау, талап қою арыздардың талаптарын тиісінше ресімдеу, өкілге сенімхат, кассациялық шағым беру тәртібін сақтау, сонымен қатар ӘРПК-нің 69, 29, 138, 129, 91-бабының 5-бөлігі, 136-бабының 5-бөлігі, 131-баптарының талаптарын сақтау қажеттігіне назар аударды.

Өз баяндамасында мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Нұрбол АБДОЛОВ әкімшілік істер бойынша проблемалық мәселелерді айтып, бұл кездесудің мақсаты жанжал санын азайту, дауларды баламалы тәсілдермен шешу екенін айтты. Ол мемлекеттік мекемелермен, атап айтқанда Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментімен, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, салық органдарымен жіберілетін кемшіліктерге назар аударды.

Кездесу барысында алқа және МАӘС төрағасы қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берді. Іс-шара қорытындысы бойынша дөңгелек үстелге қатысушылар пайдалы және мағыналы ақпарат алғаны үшін алғыс білдіріп, дауларды азайту үшін жұмыстану қажет деген пікірмен келісті. 

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

31 қазан 2023, 10:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.