Атырау, 26 қараша 19:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Өлі итбалықтар мен бекірелер тағы да Каспий жағалауына шығып қалды

1 087 просмотра

Алматыдағы Гидробиология және экология институты қызметкерлерінің мәліметінше, Түпқараған түбегінің жағалауындағы Каспий теңізі жағалауында итбалық өлекселерін тіркеген.

«АЖ»-ға Каспий итбалықтарын гистологиялық зерттеуге маманданған институттың ғылыми қызметкері Жазира СЫДЫҚОВА хабарлағандай, жағдайды бағалау және сынама алу үшін жедел экспедиция жіберілген. Ғалымдар келгенше 51 өлексені Баутино ауылы маңындағы полигонға апарып тастаған. Ол жерде түбекте қатты ыдырау сатысында болған бекіре балықтарының 75 түрі табылды.

Ғалымдардың пікірінше, өлген итбалық пен балықтар 10-11 қазанда солтүстік және солтүстік-батыстан екпінді жел тұрған кезде шығып қалған. Оқиға орнына келген институт қызметкерлері зерттеу үшін балық пен итбалықтардан сынама алды.

Айтпақшы, Қаражамбас учаскесінде (Бозащы түбегі) Маңғыстау облыстық балық шаруашылығы инспекциясы тағы 48 итбалық өлексесін тауыпты. Институтқа зерттеуге жолдау үшін фрагменттері алынған.

- Екі учаскедегі итбалықтың өлекселері қатты ыдырау сатысында болды, – дейді Ж.Сыдықова. – Өлекселерден торға кептелген іздер немесе механикалық зақымдану іздері табылған жоқ. Неден қырылғаны әзірге анықталған жоқ.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

Суреттерді Гидробиология және экология институты ұсынды

27 қазан 2023, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.