Атырау, 8 қазан 20:00
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

"Еңбек мигранттары көмек сұраудан жасқанады". "Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...". "Марченко тағы былықтырмақшы". ""Бүйiрi тесiлген бюджет". "Бостондағы қазақ студенттерi қоғам пiкiрiн екiге жарды".

2 020 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Еңбек мигранттары көмек сұраудан жасқанады» - «Қызыл жарты ай» қоғамының қызметкерлері Қазақстанға келіп, қиын жағдайға тап болатын еңбек мигранттарына көмектесе бастады. Алайда мигранттар бұл көмекті алуға құлықсыз.

«Қолы жоқ суретшіден британдықтар кешірім сұрады» - Суретші, антиядролық қозғалыс белсендісі, қолы жоқ Кәріпбек Күйіковке саусақ таңбасын өткізбегендіктен Ұлыбритания визасы берілмеді. Ағаттықты артынан түсінген британдық шенеуніктер ғафу өтінді.

AIKYN.KZ. «Халалды» қадағалайтын ұжым қажет» - Елімізде де азық-түліктен бастап халал ас орны, халал опа-далап, халал банк, халал сауна, халал асаба дегендер қаптап барады. Ал бүгінде тұтынып жүрген «халал» тауарлардың заты атына сай ма?

«Қазақтар Сталинградты қалай қорғады?» - Даңқты Сталинград түбіндегі шайқасқа 70 жыл толды. Еділ мен Жайық аралығында 200 тәулік бойы толассыз жүргізілген бұл сұрапыл шайқас неміс-фашист әскерлерін талқан¬даудың басы болған еді. Оңтүстіктегі қиян-кескі ұрыста жау ұзын-ырғасы 1,5 мил¬лион солдаты мен офицерінен айырылды...

BNEWS.KZ. «Көпен Әмірбек: Әскерде вальс билеп, қыздарға қырындаудың айла-әдістерін үйрендім» - «Көпен келе жатыр...» дегенде көптің езуіне күлкі ұялайды. Бұл тіркес белгілі сатирик Көпен Әмірбектің «визиктасына» айналды десек болады. Астары қалың қалжыңдары арқылы ой көксейтін Көпен ағамыз сонау солдат атанған жылдары да халықты күлкіге қарық қылған екен.

ALASHAINASY.KZ. «Орталық Азиядағы экономикалық ықпалдастық – сыртқы саясаттың басты бағдары» - «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында өңірлік қауіпсіздік үшін еліміздің өз жауапкершілігін сезінуі және Орталық Азияны тұрақтандыруға өз үлесімізді қосу туралы ерекше атап көрсеткен болатын.

ZHASALASH.KZ. «Бүйiрi тесiлген бюджет» - Президенттiң алдында ел қазынасы туралы есеп берген премьер-министр Серiк Ахметов 2013 жылы бюджет 495 млрд. теңгеге кем болатынын мәлiмдедi. Ел экономикасына төнген бұлттың қаупiн “қолымен сейiлтiп”, президент­тiң көңiл-күйiн орнына түсiргiсi келдi ме, артынша-ақ ол бюджет түсiмiн кеңейтудiң жолдары қарастырылып жатқанын айтты.

«Бостондағы қазақ студенттерi қоғам пiкiрiн екiге жарды» - АҚШ-та қамауға алынған қазақ студентi Азамат Тәжаяқов­қа өз әкесiмен кездесуге рұқсат берiлдi. Түрмедегi ұлымен тiлдескен Әмiр Исмағұлов ұлы кездейсоқ жағдайдың құрбанына айналды деп есептейдi. Ол “балам бұрыс нәрсе жасап жатқанын бiлген жоқ” дейдi. Ал қоғамның екi қазақ сту­дентiн қорғау-қорғамау жөнiндегi пiкiрi қарама-қайшы.

KAZAKZAMAN.KZ. «Бізді сыйламаған өзге этностарға ренжиміз бе, әлде...» -  Қазақ «көрдім деген — көп сөз, көрмедім деген — бір сөз» дегенді бұлжымайтын өмір қағидасы ретінде қабылдап, ешкіммен керіске бармай, бетегеден биік, жусаннан аласа күй кешуді жөн санайтын халық.

ABAI.KZ. «Ықылас Ожайұлы. Мемлекетті чиновник емес, зиялы басқаруы керек» - Біз кім үшін өмір сүріп жүрміз? Ұрпақ үшін бе? Егер ұрпақ үшін болса неге өзімізді-өзіміз қорлай береміз? Бұл сұраққа жауап та дайын секілді: құлдық сананың құлымыз. Тек қасымыздағы қазақтар бақытты болса ғана өзіміздің бақытты болатынымызды түсінбеген топастығымыз. Біле тұра өзгенің айтағына ерген ит мінезділігіміз...

«Шәріпхан Қайсар. Марченко тағы былықтырмақшы» - ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко еліміздегі барлық банктердің электронды ақша айналымын, яғни төлем карточкалары мен банкоматтық жүйесін басқаратын орталықтандырылған жалғыз оператор құруды ұсынуда. Бұл туралы www.nuradam.kz сайтында «Секретное письмо Марченко президенту Назарбаеву» атты мақалада жан-жақты айтылған. http://www.nuradam.kz/ru/news/pablicity/2013/May/361.

NAMYS.KZ. «Тұрар Шапқара. “Әсем қала” немесе жоғалған орыстың хикаясы» - Тақырыпқа қарап әңгімемді Астана, «Бәйтерек», «Хан шатыры» туралы болмаса бармысың бауырым төңірегінде деп ойлап қалмаңыздар. Қайран, қазағым! Еліктегіш қасиетіміз «хроническиге» айналғалы қай заман!

8 мамыр 2013, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.