Атырау, 22 қараша 00:09
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Атырауда қызылша ауруының алдын алу жұмыстары жүргізілуде

1 455 просмотра
freepik.com 

Бүгінде қызылша аурушаңдығының зертханалық жолымен дәлелденген 269 жағдайы тіркеліп отыр. Бұл туралы облыстық Санитариялық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Айнагүл СӘРСЕНҒАЛИЕВА мәлім етті. 

- Атырау облысында осы жылдың 2 наурыз бен 7 қыркүйек аралығында қызылшаға күдікті 372 жағдай тіркелді. Олардың ішінде Атырау қаласында – 337, Жылыой ауданында – 16, Құрманғазыда - 7, Махамбетте – 6, Исатай, Қызылқоға, Индерде - 2 жағдайдан. Ал қызылша инфекциясының алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз және тиімді шарасы – бұл вакцинопрофилактика, - деді А.Сәрсенғалиева.

Оның айтуынша, облыста балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина егу арқылы жүзеге асады. Вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған. Ол жергілікті мекенжай бойынша емдеу мекемесінде тиімді, қауіпсіз және тегін жүргізіледі.

Екпе жұмысы ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 12-15 айлық кезде, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста жүргізіледі.

Айта кетейік, биыл облыс бойынша 9649 адам қызылшаға қарсы вакцина алған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған суреттер

8 қыркүйек 2023, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.