Атырау облысы паразиттік және жұқпалы аурулар бойынша жалпы республикалық рекордты жаңартты.
Ұлттық статистика бюросы 2023 жылдың 7 айындағы жекелеген жұқпалы аурулардың өңірлер бойынша және жалпы Қазақстан бойынша сырқаттану деңгейі туралы мәліметтерді жариялады.
Сонымен, Атырау облысы тұрғындарының сырқаттану деңгейі эпидемиялық паротит, COVID-19, тұмау, тыныс алу органдарының туберкулезі, педикулез және жоғарғы тыныс алу жолдарының жіті инфекциялары бойынша жалпы республикалық көрсеткіштен жоғары.
Бұл ретте Атырау облысы қызылша ауруы бойынша көш басындағы 3 өңірдің қатарында. Астана 100 000 тұрғынға шаққанда 137,57 ауру жағдайымен бірінші орында. Екінші орында Жамбыл облысы – 57,01 жағдай/100 000 және біз үшінші орындамыз – 100 000 тұрғынға шаққанда 54,88 ауру жағдайы.
Көрсетілген мерзімде Атырау облысында менингококк инфекциясының бірде-бір жағдайы тіркелмегені қуантады.
Жомарт ӘМІРХАНОВ