Атырау, 22 қараша 00:09
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

«Жедел» медициналық пойыз батысқа бет алды

1 324 просмотра

Шалғай жатқан елді мекендердегі тұрғындарға медициналық көмек көрсету үшін «Саламатты Қазақстан» пойызы 26 сәуірден 6 желтоқсанға дейін Қазақстанды аралайды. Бүгін пойыз Құрманғазы ауданындағы Ақкөл стансасына келді.

Мұнда пойыз екі күн аялдайды. Дәрігерлік көмектен бөлек, жұртшылыққа заң тұрғысынан және құқықтық, психологиялық кеңес беріледі. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарына мемлекеттік әлеуметтік қолдау, зейнетке шығу, түрлі мемлекеттік төлемдер мен атаулы әлеуметтік көмек алу жөнінде кеңес алуға мүмкіндік қарастырылған. Бұл «Самұрық-Қазына» АҚ және «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның Әлеуметтік жобалар қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен бірлесіп атқарып отырған әлеуметтік жоба.

Ауыл тұрғындарына тегін медициналық қызмет көрсету мақсатында келген дәрігерлер делегациясын аудан әкімі Абат ЖАНҒАЛИЕВ бастаған бір топ құрманғазылықтар қарсы алды.

ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның өкілі Ермек МЕДЕУБАЕВТЫҢ айтуынша, пойыз 8 вагоннан тұрады. Мамандардың қатарында терапевт, кардиолог, ЛОР дәрігері, невролог, офтальмолог, гинеколог, хирург, уролог, стоматолог бар. Медициналық пойызда биохимиялық талдауларды, флюорографияны, ішкі ағзалар мен тамырлардың ультрадыбыстық зерттеуін, электрокардиограмманы және диагностикалық зерттеулердің басқа түрлерін жүргізуге болады.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

3 қыркүйек 2023, 18:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.