Атырау, 25 қараша 12:02
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Жел мектеп шатырларын ұшырып әкетті

3 159 просмотра

Скандинавиялық циклон Ресейдің астанасынан біздің аймағымызға бір тәулік уақытта жетті.

25-ші наурызда секундына 15-20 метр дауылды желі бар қар мен атмосфералық қысымның төмендеуі Мәскеуде байқалған. Ал келесі күні осындай құбылыстағы қолайсыз ауа-райын облыстық Гидрометорталығы тіркеген.

Облыстық ТЖ басқармасы бастығының орынбасары Ерболат БЕКТЕМІРОВТІҢ айтуынша, табиғат құбылысының салдарынан Махамбет ауданындағы Сартоғай селосында Қалбеков атындағы орта мектеп шатырының 42 шаршы метр металл жабынын жел ұшырып әкеткен. Атырау қаласындағы Алтынсарин атындағы мектеп жанындағы шеберхананың төбесінің 448 шаршы метр жабыны ұшып кеткен. Жапа шеккендер жоқ.

Біз Алтынсарин атындағы мектеп директорының орынбасары Таңатар ҚАЛЛЕПЕСОВПЕН хабарласқан едік. Оның айтуынша, шеберхананың төбесінің шифері ұшып кеткен, бірақ бетон жабын қалыпты. Сондықтан еңбек сабақтары бұрынғыша өткізіле бермек (тек жаңбырлы күні емес). «Біз шатырды қалпына келтіру үшін билікке қаржы бөлу өтінішімен шықтық», - дейді Т.Қаллепесов.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Суреттерді түсірген В. Истомин

30 наурыз 2011, 18:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.