Атырау, 10 қазан 16:38
 бұлттыВ Атырау +15
$ 489.06
€ 536.21
₽ 5.05

Кітап ғибадатханасындағы бір күн

7 823 просмотра

Менің мектептегі және әсіресе, студенттік жылдарымдағы оқуды кітапханасыз елестету қиын. Кітап бетін ауыстырғандағы әлсіз сыбдыр ғана бұзатын оқу залындағы тыныштық әлі есімде. Ал сессия уақыттарында ине шаншыр жер болмайтын, бір үстелге бес адамнан отыратын кездер де болған. Қазір де кітапханаларда тыныш шығар, алайда бұл – «өлі тыныштық». Өйткені ғаламтор бар, өзіне бірнеше томды кітаптарды еркін сыйғыза алатын электронды кітаптар бар ғой... Халықаралық кітап күні қарсаңында Ғ. Сланов атындағы облыстық әмбебап кітапханаға баруды шешкенде менің басымда осындай ойлар болып еді. Алайда менің ол ойларым дұрыс емес екен.

«ОТТЫҒЫҢЫЗ» БАР МА?

Ғ. Сланов атындағы кітапхана орталық кітапхана болып табылады және онда 300 мыңдай  кітап бар. Облыс бойынша қалалық, аудандық, ауылдық филиалдарды қосқанда, барлығы146 кітапхана жұмыс жасайды, жалпы кітап қоры – 2 млн-нан асады. Бүгінде Сланов кітапханасы кең үш қатарлы ғимаратта орналасқан және өзінің көптеген тұрақты оқырмандары бар.

Сол бұрынғы кездегідей, оқырманды тіркеу рәсімі бар екен. Алайда қазір бұл ақпараттар компьютерлік деректер қорына енгізіледі. Менің кітапханағабарған сәтімдемұнда 22 445 оқырман тіркеліпті.

Мен кітапхананы аралауды оқу залынан бастадым. Ол 50 адамға арналған. Кітап қорында, көбінесе, түрлі энциклопедиялар, анықтамалықтар, сөздіктер ұсынылған. Мен бұл жерге таңертең келгендіктен болса керек, зал бос тұрды.

- Оқырмандар, негізінен, түстен кейін сағат төрттерде жиналады, - дейді оқу залы сектор бөлімінің меңгерушісі Софья МҰСАҒАЛИЕВА. – Оқырмандарымыз да әр түрлі. Оқушылар да, студенттер де, жұмыс жасаушылар да, зейнеткерлер де келеді.

Мен Үлкен кеңестік энциклопе-дияның томдары тұрған стеллажды қарап тұрғанымда, алғашқы оқырман да келді. Таныстық.

- Мен мұнда үнемі келемін, - дейді 26 жасар Динара. – Мамандығым бойынша экономистпін, қазір жұмыс іздеп жүрмін. Кітапханаға өзімнің мамандығым бойынша әдебиеттерді оқу үшін келемін. Әрине, үйге алып кетуге болады, алайда бітпейтін үй жұмысы оқуға мүмкіндік бермейді. Ал мұнда алаңдамаймын.

Баспасөз бөлімінде газеттер, жорналдар, кәсіби бағыттағы басылымдар қойылған екен. Биылғы жылы кітапхана жүзге тарта мерзімдік басылымдарға жазылыпты.

- Газет пен журналдарға жазылуға адамдардың барлығының мүмкіндіктері бола бермейді. Ал бізде олар жеткілікті! Әркім өзінің қалағанын таба алады.

Мысалы, үй шаруасындағы әйелдер «Аргументы и факты», «Комсомолканы», әйел жорналдарын сұрайды, -дейді қызметкерлер.

- «Огонек» бар ма? – деп сұрадым мен міңгірлеп. Екі минуттан кейін алдымда 90-жылдардың басындағы «Огонек» журналының қалың тігіндісі пайда болды.

Түрлі тақырыптар бойынша жүздеген рефераттар, ғылыми жұмыстар сақталған диссертациялық залда зейнеткер Қабаз ҚҰБАШТЫ кездестірдім.

- Мен өмір бойы мемлекеттік органдарда жұмыс жасадым, қазір зейнеткерлікке шықтым. Бос уақытым көп және көп оқимын, - дейді ол. – Тарихи, саяси қайраткерлер туралы кітаптар қызықтырады. Кітапханаларды өте жақсы көремін.

Өнер бөлімінде театр, көркем сурет, кино туындылары туралы кітаптар жиналған. Музыканы ұнататындар бұл жерден ноталарды да таба алады...

- Міне,- деп маған пианиноны көрсетті өнер бөлімінің сектор меңгерушісі Эльмира ДҮКЕНОВА.Бізге саз колледжінде оқитын бір қыз жиі келіп тұрады. Кейде, залда адам болмаған кезде, ол осы аспапқа отырып, ойнайды.

 

ТОЛСТОЙ ЖӘНЕ ДОНЦОВА

Әдеби кітаптар және арнайы әдебиеттер стеллажы еркін қолжетімді. Мұнда нақты бір кітапты алуға да болады, өз қалауыңа қарай таңдауға да болады. Кітапты үйге 10-15 күнге береді, қажет жағдайда бұл мерзімді ұзартуға да болады. Кітапханашылардың айтуынша, классикалар көп оқылады. Сондай-ақ, Толстой мен Чехов шығармаларымен қатар тұрған Донцованың тозығы жеткен кітабы да сұранысқа ие екен.

- Мен мұнда жиі келемін. Кітаптарды сабақ үшін де, өзім үшін де алып оқимын, - дейді АМУ-дің 4-курс студенті Ләззат СӘЛІМОВА (суретте). – Бұл жолы өзімнің сүйікті авторым Әзілхан Нұршайықовтың кітабын алдым. Бүгінгі күні кітапханаға келетін адамдардың бұрынғыдан аз екеніне келісемін. Алайда маған кітапханаға келу көп нәрсе береді – біріншіден, көптеген пайдалы да қызықты кітаптар табуға болады, екіншіден, бұл да маңызды, кітаптарды тегін оқи аламын. Тағы бір сәт: кітап бетінің сыбдырын ешбір электронды кітап ауыстыра алмайды.

Кітапхананың ең маңызды бөлімі – бұл жертөле орынжайында орналасқан сақтау бөлімі. Мұнда 65 мыңға жуық кітап сақталады. Ішінде сирек кездесетін кітаптар да бар. Сонау 19-ғасырдың соңында, 20-ғасырдың басында шыққан аса бағалылары да бар. Бұл байлықтарды да оқырмандар пайдалана алады. «Жоғарыдағы» барлық бөлімдер сақтау орнымен тығыз жұмыс жасайды. Кітапхана залдарынан табылмаған кітаптар осы жерден табылады. Жергілікті авторлардың шығармалары жиналған бөлек стеллаж да бар екен. Тағы бір стеллажда кітапханаға оқырмандар сыйлаған кітаптар жиналыпты.

- Кітапты алып, кері қайтармайтындар көп пе?

- Көп емес, - дейді қызметкерлер. – Біздің оқырмандар өте тәртіпті.

 

УАҚЫТПЕН БІРГЕ НЫҚ ҚАДАМ

Әлемнің барлық кітапханашылары бүгінгі жоғары технологиялық заманда оқырмандарды қалай тартамыз деген сұраққа жауап іздеуде. «Кітапханадағы түндерді» ұйымдастырып, авторлардың қатысуымен кітапты ашық таныстыру рәсімін жүргізеді. Оқырмандарға ыңғайлы болу үшін кітапханада кітаптардың электронды қоры жасалған. Бұрынғыдай әр бөлімге жүгіріп керек емес, маманға барсаң, компьютерлік қордан керекті кітапты тауып береді. Ал егер бұл әдебиеттер табылмаса, интернет залына баруға болады. Осы жерден кітапханашылар Ұлттық кітапхананың электронды кітапханасына сұраныс жібереді. Бұл үшін кітапханаға келудің де қажеті жоқ, сұранысты телефон арқылы немесе электронды пошта арқылы жіберуге болады.

- Біздің қызметкерлер ғаламтордан қажетті материалдарды табуға көмектеседі. Бұл әсіресе интернетті көп қолдана алмайтын егде адамдарға ыңғайлы,- дейді интернет залдың сектор меңгерушісі Ұлғаным МҰСАҒАЛИЕВА (жоғарыдағы суретте). – Сондай-ақ, біздерде электронды кітаптар да, Ұлттық электронды кітапхананың сандық кітаптары да бар.    

Кітапханада «Америка бұрышы» да ұйымдастырылған. Бұл жерде ағылшын тіліндегі әр түрлі тақырыпта жазылған әдебиеттермен қатар, аудармасыз фильмдер де көрсетіледі. Тіпті, тіл оқытатын тегін курстар да жұмыс жасайды екен.

Бір сөзбен айтқанда, дәліз бен залдарда сол бұрынғы кітапхананың ауаны сақталған, алайда осы мәдениет ошағынан да жаңа дәуір лебі сезіліп тұр. Кітапханашылардың сөздері рас екен, төрттен кейін мұнда шынымен де адамдар көбейді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суреттерді түсірген автор

25 сәуір 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.