Атырау, 23 желтоқсан 16:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

ҰБТ-ге құжаттар қабылдау басталды

8 073 просмотра

Биылғы жылы Ұлттық Бірыңғай Тестілеу (ҰБТ) жүргізу жүйесінде ешқандай өзгерістер болмайды, - деп мәлімдеді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали ӘБДИЕВ облыс педагогтарымен болған кездесуде.

10 наурыз күні ҰБТ-дан өткісі келетін түлектердің құжаттарын қабылдау басталды. Оқушылар мектептерде арнайы өтініш бланкаларын толтырады. Техникалық хатшылар содан кейін барлық өтініштерді ҰБТ өткізу орындарына тапсырулары тиіс. Өтініштерді қабылдау соңғы қоңырауға бір ай қалғанға дейін – 25-ші сәуірде аяқталады. Облыстық білім беру басқармасының мамандары биылғы жылы ҰБТ-ны облыстағы түлектердің 90,5 пайызы тапсыратын болады деп жорамалдап отыр. Алайда бұл тек алдын ала мәліметтер ғана, ал нақты цифрлар 25-ші сәуірден кейін ғана анық болады. Биылғы жылы облыста барлығы 5706 түлек мектеп бітіреді екен. Алдыңғы жылдардағыдай 7 өткізу қосыны ұйымдастырылмақ: Атырауда АМУ мен АМжГИ базасында бір-бірден және бес ауданда. Бірнеше жылдан бері облыстық білім беру басқармасы министрлікке Исатай және Индер аудандарында ҰБТ өткізу қосындарын ашу өтінішімен шығып жүр, алайда «бұл аудандарда түлектердің аз болуына байланысты, тест тапсыру орындарын ашу орынсыз боп отыр». Бірнеше жылдан бері балалар көршілес тест тапсыру қосындарына: индерліктер Махамбетке, исатайлықтар Атырауға барып жүр. Индер ауданында биылғы жылы 409 түлек, Исатай ауданында 278 түлек мектеп бітірмек.

ҰБТ-да таңдау бойынша профильдік бір пән мен міндетті төрт пәннен тест тапсырылады.

Міндетті пәндер математика, ана тілі (қазақ тілінде оқытылатын мектеп түлектері үшін қазақ тілі, орыс сыныптарын бітірушілер үшін орыс тілі), Қазақстан тарихы, қазақ сыныптары үшін орыс тілі, орыс сыныптары үшін қазақ тілі пәндері боп қала береді.

Соңғы пән бойынша жинаған баллдар нәтижелерді есептеу кезінде саналмайды. Оны орта білім беру туралы аттестатта баға қою үшін тапсырады. ҚР «Білім беру туралы» заңына сәйкес, мемлекеттік және орыс тілдері орта білім беру туралы аттестат алу үшін міндетті пәндер боп табылады.

ҰБТ, егер, түлек кем дегенде 50 балл жинаса жақсы тапсырған деп есептеледі, ал «жалпы медицина» мамандығы бойынша медициналық жоғарғы оқу орындарында оқысы келетін талапкерлер кем дегенде 55 балл жинаулары тиіс.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 наурыз 2011, 21:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.