Бұл туралы кәсіби мерекеге орай журналистермен кездесу кезінде «AМӨЗ» ЖШС бас директоры Мұрат ДОСМҰРАТОВ мәлімдеді.
Өздеріңіз білесіздер, әлеуметтік желіде «зауытты Атыраудан алысырақ көшіру үшін неліктен ауқымды жұмыстарды бастамасқа?» деген сұрақ жиі кездеседі. Алайда, бұл көпшілік ойлағандай оңай емес екен.
- ...Біздің зауыт КСРО кезінде салынған, қазір олай салмайды. Бүкіл зауытты көшіру, шын мәнінде, жаңа кәсіпорын жобасы. Бүкіл жабдықты басқа жерге көшіру ме? Бұл мүмкін емес! - деді М.Досмұратов эмоциямен. – Әрине, шамамен 50-60 пайыздай болады. Қалған 40-ы - құбырлар, темір жолдар, резервуарлар ескірген, оларды жаңа жерге көшірмес бұрын қазып алу керек. Ал басқа зауытта олар жаңа, заманауи болуы керек. Демек, бұл жаңа зауыт. Жаңа зауыт, түсінесіздер ме? Мұның бәрін алып, басқа жерге қайта қою техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Одан да жұмыс істеп тұрған зауыттың жұмысын қиындық тудырмайтындай ретке келтірген дұрыс. Ол үшін сенімділікті арттыру керек: электр қуатын сырттан тұрақты беруге, осы ескі қондырғылардағы технологияны жетілдіруге жұмыстанып жатырмыз, бұл проблема емес, оны біртіндеп жасап жатырмыз.
Оның үстіне, зауыт сенімді жұмыс істеуі үшін жоғары сапалы қосалқы бөлшектерді сатып алу қажет. Алайда «төмендету» тендерлері, ең арзан ұсыныс ұтқан кезде, бізге мұны істеу мүмкін емес. Ең арзан - ең төмен сапаны білдіреді. Иә, жақсы бөлшектер екі есе қымбат, бірақ олар ұзақ қызмет етеді. Мысалы бізге жеткізілетін ресейлік және қытайлық подшипниктер жарты жыл, ал жақсылары - екі жарым жыл жұмыс істейді. Айырмашылық бар ма? Біз бұл мәселенің барлығын «ҚазМұнайГаз» АҚ-ға қойдық, олар хабардар.
Анастасия ШЕРСТЯНКИНА
Автор түсірген бейнежазба