Олар Махамбет ауданының Еңбекшіл, Көздіқара, Аққайың ауылдарында, Жылыой ауданы Қарағай ауылында, Қызықоға ауданының Айдын ауылында, Исатай ауданы Аққыстау ауылы Өркен мөлтек ауданында салынып жатыр. Бұл туралы облыстық құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген ҚҰСАЙЫНОВ мәлім етті.
- Медициналық пункттердің жобалау-сметалық құжаттамасы денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкестендірілді. Олардың құрылысы өткен жылдың қараша айында басталған. Осы жылдың маусым-шілде айларында пайдалануға беріледі,- деді Н.Құсайынов.
Медициналық пункт ғимараты бір қабаттан тұрады. Оның жалпы аумағы - 266,35 шаршы метр. Егу және емдеу кабинеттері арнайы медициналық жабдықпен қамтылған. Сонымен қатар, орта медициналық қызметкерлер бөлмесі, ординатор, акушер кабинеті, зерттеу жүргізуге және материал жинауға арналған бөлме, дезинфекция құралдарын дайындауға және сақтауға арналған бөлмелер қарастырылған.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
ӨКҚ жолдаған суреттер