ҚР Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығының күндері аясында дәрігерлер тәжірибе алмасу және медицинадағы үздік заманауи әдістерімен бөлісу мақсатында Атырау облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жұмыс сапарының алғашқы күні олар облыстық ауруханада 16 күрделі ота жасады.
- Бұдан басқа, Астана, Алматы қаласынан келген білікті мамандар өңіріміздің тұрғындары үшін қабылдау өткізіп, медицина қызметкерлеріне шеберлік сабақтарын көрсетіп, дәріс оқыды. Алдағы уақытта бұл өз жалғасын табады деген сенімдеміз, - деді облыстық ауруханасының басшысы Ербол ИМАНҒАЛИЕВ.
Бір күнде облыстың 150-ден астам тұрғыны нейрохирург Дәулет Сүйембетов және Мыңжылқы Бердіходжаев, травматолог Сәкен Молдағалиев, аллерголог Ботагөз Даулетова мен пульмонолог Мәдина Есенгелдинованың қабылдауында болды.
Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған суреттер