Енді осындай күрделі оталар Атырауда жасалады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атыраулық дәрігерлер күрделі ота жасау үшін Астана қаласындағы №2 балалар ауруханасының ортопедия бөлімі мамандарымен бірлесіп, дайындық жүргізген.
- Израиль елінде жинақтаған тәжірибемізді бөлісу үшін Атырауға келдік. Атыраулық дәрігерлер де осыған дейін шетелдік ортопедиялық жоғары дәрежелі мамандардан білім алған. Жан-жақтан жинақтаған білімімізді қорытып, бірлесе жұмыстандық. Алдымен атыраулық дәрігерлер Астанаға келді. Ол жақтан да теориялық қосымша білім алып, күрделі операцияларға қатысты. Содан соң жаңа техникаларды қолданып, ота жасау үшін осында арнайы келдік. Біз үш күндік жұмыс сапары аясында күрделі үш ота жасадық. Әрқайсысы 2-3 сағатқа созылды. Сондай-ақ, мұнда күрделі отаны үшін жаңа заманауи операциялық блок жасақталып жатыр екен. Енді жергілікті дәрігерлер ары қарай осы оталарды өздері жалғастыратын болады, - деді Астана қаллық №2 балалар ауруханасы ортопедия бөлімінің меңгерушісі Ағабек ЧИКЕНАЕВ.
Облыстық балалар ауруханасының басшысы Нұрқабыл АЙТМҰХАМБЕТОВТІҢ айтуынша, соңғы бір жылда балаларға жасалатын ортопедиялық операциялардың саны артқан. Өткен жылдың бірінші тоқсанында ортопедиялық 5 ота жасалған болса, биыл 41 ота жасалыпты. Енді осы айдың ішінде церебральды сал ауруына шалдыққан екі балаға күрделі ота жасауды жоспарға алған.
Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті жолдаған ӨКҚ