EGEMEN.KZ. «Көрсеткіш қуып, қылмысты жасыру кеңес заманынан қалған ауру. Полиция одан қашан арылады?» - "Бүгінгі таңда қылмыстардың ашылу пайызы ауыр және аса ауыр қылмыстармен өлшенеді, ал онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар саналмайды, олар тек статистиканы бақылап отыру үшін қажет. Алайда, аумақтық полиция бөлімдерінің басшылары әлі де болса бұл жөнінде негізсіз сұрау салуда. Егер де, полиция қызметкерлерінің үлесінде үлкен көлемде ашылмаған ұрлық қылмыстары болса, бұл ашылу пайызын көтеруге, яғни оларға өз кезегінде ашылған қылмыстардың санын ұлғайтуға қажет. Сондықтан да, олар жасалмаған қылмыстарды ойлап табуда".
AIKYN.KZ. «Матаевтың мұнысы несі?» - Қазақстан Журналистер одағының төрағасы СейІтқазы Матаев Алматы қаласына бұрынғы Алма-Ата атауын қайтаруды ұсынды. С.Матаевтың пікірінше, Алма-Ата атауы эмоционалдық деңгейде аса тартымды. «Алма-Ата десең, арықтағы судың дыбысын, алманың иісін, таудың таза ауасын сезінесің. Басқа мысал: көзіңізді жұмып, қаланың бұрынғы атауын графикалық бейнеде елестетіп көріңіз, бірден тау шыңдары елестейді. Өйткені таулар – қаламыздың ерекше мақтанышы», – деді С.Матаев.
«Шенеуніктер шетелде қаржы сақтай алмайды» - Қазақстанда саяси мемлекеттік қызметшілерге шетелде актив ұстауға тыйым салынуы мүмкін. Қазақстан халқы осыны қолдап отыр: Қаржы полициясы өзі әзірлеп жатқан арнайы заң жобасына қоғамнан тиісті ұсыныс енгізілгендігін мәлімдеді.
ALASHAINASY.KZ. «Шетелдік бапкерлер үшін салық салу...» - Жақында Ресей футбол одағының Атқару комитеті тамаша бір бастама көтеріп, орынды шешім қабылдады. Енді Ресейдің футбол клубтары шетелдік бапкер үшін Ресей футбол одағына салық төлейді. Алдағы маусымнан бастап, яғни 1 маусымнан кейін Ресейдің премьер-лигадағы клубтары шетелдік бапкер үшін 5 миллион рубль (шамамен 161 290 доллар), ал «Ұлттық футбол лигасындағы» клубтары (бірінші лига деп түсініңіз) 2,5 миллион рубль салық төлейтін болады.
«Кеңес өкіметінің бір зияны – ол қазақ сияқты ұлттардың тектілігін, содан соң тарихын жойды»
AZATTYQ.ORG. «Құқық қорғаушы Харламовты психиатрлар тексеріп жатыр» - Наурыз айында қамауға алынған Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласының тұрғыны, журналист және құқық қорғаушы Александр Харламов өткен аптаның аяғында Алматы қаласындағы тергеу абақтысына жеткізілді. Ол мұнда Өскемен қаласындағы СИЗО-дан жіберілген. Азаттық тілшісімен телефон арқылы тілдескен Харламов «Мені жынды деп шығарып, психиатриялық ауруханаға жапқылары келеді» деді.
"«Гештальт-психологтың» дауы аштыққа ұласты" - Қарағандыда төрт тәуліктен бері бес азамат аштық жариялап жатыр. Олар денсаулық сақтау министрлігі, медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Қарағанды облыстың департаментінің тексерісіне наразы. Өткен 2012 жылдың жазында жасалған тексерістен кейін, қарағандылық гештальт-психолог Надежда Шерьязданованың қызметі тоқтатылған. Наразылық білдірушілер – осы психологтың клиенттері.
«Діндар топ мұқтаж мұсылмандарға үй салып жатыр» - Ақтөбеліктер арасында «сауап жарыс» деген ұғым шықты. «Аллаһ ризашылығы үшін» деген бір топ жігіт қала іргесіндегі Ақшат ауылында мұсылмандарға арнап үй салып жатыр.
TURKYSTAN.KZ. «Түбінде елге оралатын шығармын» - Томск политехникалық университетінің физика және аналитикалық химия кафедрасының меңгерушісі, «Р-Фарм» ғылым-білім орталығының жетекшісі Әбдіғали Бәкібаев: "Студенттер мен магистранттарға ТПУ оқытушылары ғана емес, ресейлік және шетелдік оқу орындары мен фармкомпаниялардың мамандары дәріс береді. Ал ақылы оқитын магистранттардың қаржысын «Р-Фарм» компаниясы мойнына алған. Барлық шығын 3 млн. рубльді құрайды. Ал үздік студенттердің стипендиясы 30 мың рубль".
ZHEBE.COM. «Қос азаматтыққа жол жоқ!» - Соңғы жылдары Ресейге «өкпелі» жұрттың қарасы көбейіп келе жатыр. Өзгені айтпағанда бейтараптық сақтауды мұрат тұтқан түркімендер де «қыр» көрсете бастады. Әрине, Ашхабад Мәскеуді «жекпе-жекке» шақырып отырған жоқ. Бірақ, Түркіменстанда тұратын қос азаматтығы бар адамдардың жағдайын қиындатып жіберді. Ал, қос азаматтығы бар адамдардың барлығының екінші «отандары» – Ресей.
Берік Уәли: "Әншілер қауымы маған ренжімес, қаншама талантты жас журналистер бар, соларға мүмкіндік беруіміз керек..." - Орыстардың өзі Батыстан көшіріп жатқанын біле бермейміз. Барды көру үшін, міндетті түрде ресейлік бағдарламалардің көшірмесі болудың қажеті жоқ. КТК арнасындағы «Астарлы ақиқатты» жасанды деп айта аласыз ба? Ұлттық арнадағы «Апта кз» жасанды ма? «Хабар» телернасындағы «Біз» ток-шоуының да арқалаған жүгі ауыр. Барлығының өз көрермені, өз аудиториясы бар.
SERKE.ORG. "«Жігіт сұлтаны» хабарында нағыз жігіттер көрінбеді. Неге?" - «Бояушы, бояушы дегенге, сақалын бояпты» демекші, қазақтілді хабардың санын көбейтеміз деп, жоқтан өзгемен эфирлік уақытты толтыра беретін жағдайға жеттік. Әйтеуір, апта сайын жаңа жоба жасалады. Бірақ ішінен аузымыздың суы құрып, мақтауға тұрарлық дүние таппай күйесің. «Хабар» телеарнасы сенбі күні осындай бір жобаның тұсауын кесті. «Жігіт сұлтаны» бағдарламасы арқылы ең батыл, ең батыр, нағыз ержүректілер мен өнерлілерді анықтаймыз!» дейді ағынан жарылып еді ұйымдастырушылар. Ал «Жігіт сұлтанынан» үміткер жігіттер ешқандай сұрыптаудан өтпеген, дайындықсыз келе салған.
MASA.KZ. «Алашорда арқа сүйеген қазақ байлары» - Қазақ байларының Алаш мұраты жолындағы ерен еңбегі – ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ жастарының Ресей империясының және әлемнің жоғары оқу орындарында білім алуына жәрдемдесуі еді. Мәселен, Жаһанша (Жанша) Досмұхамедов Сырым батырдың шөбересі Салық Омаровтың көмегімен Мәскеу университетінің заң факультетін бітірген [Орал өңірі. 27 қараша. 2008.10 б.].
«Жайықтың жағалауындағы жұрт дүр сілкінді...» - Кезінде аудан орталығы болса да, бүгінде қатардағы қарапайым ауылдың біріне айналып, азып-тоза бастаған Жалпақталдың тұрғындары өздерінің азаматтық құқықтарын қорғап, наразылыққа толы ашу-ызаларын бейбіт жиылыс арқылы білдірді. Облыс әкімінің соңғы шешімі – аймақтағы су ресурстарын реттеуде орыны толмас шиеленістерге әкеліп соғуы әбден мүмкін.