Атырау, 24 қараша 12:07
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АМӨЗ Талдыкөл ауылында эко-акция өткізді

PR Сурет
1 639 просмотра

Атырау мұнай өңдеу зауыты Талдыкөл ауылындағы Жайық өзенінің жағасында кезекті экологиялық тимбилдинг өткізді.  Іс-шараға 200-ге жуық зауыт қызметкері мен олардың балалары қатысты.

Акцияның мақсаты – тек қала аумағындағы ғана емес, сонымен қатар шалғай елді-мекендердегі тазалықты сақтау мәселесіне қоғам назарын аудару.

«Айналадағы тазалық үшін әрқайсымыз жауаптымыз. Зауыттықтар қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларға көп жылдар бойы белсенді қатысып келеді. Көпшілігіңізде экологиялық мәдениет қалыптасып үлгерді деп ойлаймын. Мұндай іс-шараларға балаларыңызбен бірге қатысатындарыңыз ерекше қуантады. Өскелең ұрпаққа үлгі көрсетіп, тазалық пен еңбекке баулудың маңызы зор. Бүгінгідей акциялар экологияға пайдасын тигізіп қана қоймайды, сонымен қатар ұжымды біріктіріп, командалық рухты нығайтады», - деді АМӨЗ-дің бас директоры Мұрат Досмұратов.

Эко-тимбилдинг барысында 30 га аумақтан 20 текше метрге жуық қоқыс жиналып, шығарылды. Тазалау жұмыстарына 2 самосвал мен 1 жүктиегіш жұмылдырылды. 

2021 жылдан бері АМӨЗ Махамбет ауданының әкімдігімен екіжақты келісім негізінде аталмыш аумақта санитарлық тазарту шараларын өткізіп,  жиналған қоқысты уақытылы шығару жұмыстарын өз міндетіне алды.

Эко-акция табиғат аясындағы спорттық ойындармен аяқталды.

20 мамыр 2023, 19:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған