Атырау, 21 қараша 23:44
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Арбаға таңылған жандармен жұмыс істеудің қыр-сыры туралы

Сурет
995 просмотра

Атырауда №7 қалалық емхана қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсету тренингінен өтті. «Біз де адамбыз» қоғамдық қоры ұйымдастырған тренингте емхана қызметкерлері арбадағы адамды қалай қауіпсіз қозғауға болатынын үйренді.

Аталмыш қордың нұсқаушы-реабитолог мамандары осыған дейін «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен «Мүгедек жандарды тиімді оңалту» жобасы аясында Беларусь мемлекетінен білім алып келген.

«Біз де адамбыз» қорының мамандары емхана қызметкерлеріне мүгедектер арбасының түрлерін көрсетіп, оларды пайдалану нұсқаулығымен таныстырды. Сонымен қатар, арбадағы адамдарға мүгедектігіне қарай қызмет жасау әдістерін үйретті.

- Мүгедектігі бар жандармен жұмыс жасағанда қарапайым жағдайлардың өзін аңғармайды екенбіз. Оларды арбадан орындыққа отырғызу кезінде қалай қауіпсіз және өзімізге де күш салмай қозғауға болатынын үйрендік. Бұл біздің қызметімізге өте қажет. Осының бәрін жасап қарадық, - дейді №7 емхана қызметкері Ж. МҰҚАШЕВА. - «Біз де адамбыз» қоғамдық қор өкілдеріне және осындай мүмкіндік берген «ТШО» компаниясына алғыс білдіреміз.

Дайындаған Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ӨКҚ жолдаған суреттер

16 мамыр 2023, 11:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.