Атырау, 25 қараша 16:37
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Штабтық жұмыс

1 780 просмотра

20 сәуірде сенбілік шеңберінде үш мың көшет отырғызу жоспарланған жалпықалалық «Жасыл жапырақ» акциясы өтеді, - деп хабарлады қала әкімінің орынбасары Жұмабай ҚАРАҒАЕВ Атырау қаласын санитарлық тазарту екіайлығын өткізу жөніндегі штабта.

Штабта 30 наурызда өткен алғашқы сенбіліктен кейін жиналмай қалған жерлер аталды. Олар: Островский, Ташкентский көшелері, №8 мектеп аумағы, Балықшы поселкесіндегі парк және т.б. Тұрғындар тазартып қойған аумақтарды қоқырсытып тастайтын мекемелерге не істеуге болады деген сұрақ қойылды. Ж. Қарағаев мұндай фактілер жөнінде қалалық әкімдікте әр бейсенбі сайын сағат 17-ден 18-ге дейін мәжіліс құратын санитарлық тазарту штабына немесе қалалық СЭС-ке 32-15-57 телефонына хабарласқан жөн екендігін айтты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

12 сәуір 2013, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.