ZHASALASH.KZ. «Күншiлдiк – жазылмайтын дерт немесе М.Мыңжасарұлының мақаласына жауап» - “Жас Алашта” 29 наурыз күнi жарияланған “Колледж түлегi өзiн “академик” санады” атты М.Мыңжасарұлының мақаласында сыналған Жасан Зекейұлы редакцияға қарсы мақаласын жолдады. Бiз екiншi жаққа да өз уәжiн айтуға мүмкiндiк беретiн дәстүрiмiздi және “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заң талаптарын сақтай отырып, оған да газет бетiнен тиiстi орын бөлдiк.
«Тэтчер де темiр емес...» - Маргарет Тэтчер қандай адам едi? Немiс басылымдары “кiм не десе де, әлем тарихында Тэтчердiң орны бөлек” деп жазды. Di Welt газетi бүй дейдi: “Маргарет Тэтчер кейбiреулер айтқандай бiрбеткей, қырсық әйел емес-тiн. Алайда жұрттың өзiн жапырыла қолдағанын да жарата бермейтiн. Көп саясаткерлердiң бойында жоқ осы қасиетi оған көп ұпай әпердi.
JANAOZEN.NET. «Ұлтты сақтау үшін орыс тіліне тыйым салуды ұсынды» - Молдовада орыс тіліне заң жүзінде тыйым салынуы мүмкін. Мемлекет парламентіне Либералды партия ұсынған «Молдова Республикасының лингвистикалық саясаты» заң жобасында орыс тіліндегі БАҚ-тар мен интернет ресурстарға шектеу қойылмақ.
AZATTYQ.ORG. "Өзіңді іздеуге кеткен шығынды толтыр" - Журналист Тоқберген Әбиевтен оны іздеуге жұмсалған шығынның орнын толтыру үшін 100 доллар өндіру жөнінде талап-арыз түсті. Жауап беруші бұл талаппен келіспейді.
«Әйгерім Жәкішева: Қазақстанға тамсанғандар әкем жайлы сұрасын» - New York Times газеті Әйгерім Жәкішеваның түрмеде отырған әкесі Мұхтар Жәкішев жайлы жазғанын басыпты. Eurasianet.org сайты Қазақстанда салынуы мүмкін ядролық отын банкі жөнінде мақала жариялапты.
«Қазақстанның ғарыштық проблемалары» - Әлемдегі ең көп пайдаланылатын ғарыш айлағы бар Қазақстанның космостық державаға айналуына ракеталық технологиясының жоқтығы қолбайлау болып отыр.
AIKYN.KZ. «Қазақты каннибализмге үгiттеп жүрген жоқпыз ба?» - Каннибализм француздың «адам етін жеуші» деген (cannibale) сөзінен шыққан. Өкінішке қарай, тас дәуірінде адам етін жейтіндер болды. Ол кезде санасы жетілмеген жұмыр басты пенделер қолдарына түскен қарсыластарының етін жеп қойған. Қазір сирек болса да адам етін жейтін хайуандар табылады. Енді олар – психикасы бұзылған, жүйке дертіне шалдыққандар.
«Ресей – ғарыш саласындағы басты әріптесіміз» - ««Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан мен Ресей арасында ешқандай да түсініспеушілік болған емес. Кейбір ресейлік және отандық ақпарат көздері жұртшылыққа теріс мәлімет таратып, дүрлігуді қолдан жасады десе де болады».
MASA.KZ. «Қажымұқан ҒАБДОЛЛА. "Ресей азаматының" саудасы біткені ме?» - Қай жылы Мемлекеттік Хатшы кезінде Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев туралы «Бұл кісі Ресей азаматы екен» деп сыбыс шыққанда, қатты шошынған біз: «Мемлекеттің барлық құпияларын – артықшылықтары мен кемшіліктерін, мықты жақтары мен босаң тұстарын – толық білетін, Елбасы сенім көрсеткен Мемлекеттік хатшы бізден ділі де, тілі де, діні де бөлек; көршіміз әрі серіктесіміз десек те, кейбір жағдайларда, тіпті, қарсыласымыз болып табылатын Ресейдің азаматы болса, жетіскен екенбіз?!.» – деп ашына жазған едік...
«Қор рыногын дамыту үшін Ұлттық банк ұйқыдан ояну керек» - "Алматыны қаржылық орталыққа айналдырамыз, қор рыногын жасаймыз, жалғыз Қазақстан емес алыс-жақын шетелдердің қаржылық орталығы мен қор рыногы сол болады" деп алақайлағанымыз кеше ғана еді.
KAZAKZAMAN.KZ. «Саентологияның артында үлкен адамдар тұр» - Бөтен елде білгенін істеп, халықты әбден адастырып жүрген Саентология енді «Саентология шіркеуі» емес, «Бақытқа апарар жол» қоғамдық қоры. Атын өзгертіп, емін-еркін жұмыс жасап жатқан көрінеді.
ZHEBE.COM. «Инфляция тудыратын оператордан құтылуымыз керек» - Қазір елімізде «Халықтық IPO» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ақпараттық түсіндіру науқаны жүріп жатыр. Науқан 2013 жылдың 30 қыркүйегіне дейін жалғаспақ. Бұл – аталмыш бағдарламаның екінші сатысын өткізуге арналған дайындық шарасы. Осы жолы «Халықтық IPO» бағдарламасымен «KEGOC» АҚ-ның акциялары таратылады. Халықтың үстіміздегі жылдың екінші жартысынан бастап акционер атануға мүмкіндігі бар.
BAIOLKE.COM. «Нобель сыйлығының иегері Қытай жазушысы Мо Ян:«Мен кінәлімін» - Қытай жазушысы Мо Ян Нобель сыйлығын алғаннан кейін журналистерге жолықпай, сұхбат беруден жалтарып келген деседі. Бүгіндері де оған шетелден тілшілер хабарласумен келді. Бірақ, Мо Ян оның бәріне де «жоқ» деген жауап беретін көрінеді. Демек, Германияның «Шпигель» журналының тілшісі үздіксіз әрекет жасауының нәтижесінде онымен Бейжің қаласында кездесу сәті түскен. Мо Ян тілшімен сөйлесуге небәрі бір-екі минут шығындауға келіссе де кездесу екі сағатқа жалғасты.