Атырау, 21 сәуір 16:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 469.49
€ 552.59
₽ 6.24

Атырауда үш оқушыдан қызылша ауруы анықталды

1 322 рет қаралды

Осыған байланысты 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында науқастар анықталған сыныптар онлайн оқытуға көшіріліп, мектепте дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

Білім беру басқармасының басшысы Гүлнар СӘДУАҚАСОВАНЫҢ мәліметінше, қала маңындағы Жаңаталап ауылында Жамбыл атындағы орта мектепте 5-сыныптан - 1 баладан, 2-сыныптан - 2 оқушыдан қызылша ауруының белгілері анықталды.

Жалпы биыл Атырауда 2 наурыз – 24 сәуір аралығында қызылшаға күдікті 15 жағдай тіркелген, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет ТАНАУОВТЫҢ айтуынша, алты баланың қызылша ауруы зертханалық жолмен дәлелденген. Ал төрт жағдай бойынша вирус анықталмаған. Бес жағдайға байланысты зерттеу жүргізіліп жатыр.

- Оған қоса науқастармен қарым-қатынаста болған 216 адам медициналық бақылауда. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жеті адамға қызылшаға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілді. Санитариялық–эпидемиологиялық тексеру жалғасуда, -  деді М.Танауов.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

25 сәуір 2023, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.