Атыраудың жазғы ауа-райы басталып келе жатқан көктемді қарқынды түрде ығыстыруда. Сыртта 30 градустай жылы, ал қаладағы жылыту маусымы тек 15 сәуірде ғана аяқталады. Пәтерлеріндегі қажетсіз жылу үшін ақы төлегісі келмейтін қала тұрғындары жылумен қамтуды мерзімінен бұрын ажыратуды талап етіп отыр.
– Пәтер іші өте ыстық, бөлмелерді салқындату үшін сплит-жүйені қосуға мәжбүрмін - ал бұл қосымша шығындар, - дейді зейнеткер А. телефон арқылы. – Оған қоса ыстық батарея үшін төлеуге тиіспін. Ал менің әрбір тиыным санаулы.
– Үйлердегі жылуды ажырату біздің құзырымыздағы нәрсе емес, – деп ахуалға комментарий берді «Атырау жылу жүйелері» АҚ бас инженері Әлібек ТЕМІРҒАЛИЕВ. – Егер бізге осындай бұйрық берсе, біз оны орындаймыз. Өз атымнан тұрғындарға ПИК-ке тиісті ұжымдық арыз жазуға кеңес беремін. ПИК өз кезегінде «Атырау жылу электр орталығы» АҚ-на шығуы тиіс. Бүгінгі күні бізде осындай бірнеше арыз бар, бірақ бұл мәселенің көпшілікке ортақтығы байқалмайды.
Анастасия ПАСТУХОВА
Бет қатталып жатқанда, 10 сәуірге қараған түні Атыраудағы жылумен қамту жүйесінің ажыратылғандығы белгілі болды. Қалалық ТКШ бөлімінің бастығы Серікбай ҚАЗИЕВТЫҢ айтуынша, бұл қолданыстағы ереже тәртібімен жасалған. Егер үш күн бойына сыртқы ауа температурасы Цельсий бойынша сегіз градустан жоғары боп тұрса, жылумен қамту жүйесін ажыратып тастауға болады екен. Бұдан басқа, тұтынушылардың есепшотына күндер бойынша түзетулер жүргізіледі. Есептеу қорытындылары сәуірдің аяғында белгілі болады.