Атырау, 24 қараша 09:18
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда дәрігерлер науқастан 15 келі болатын ісік алды

1 534 просмотра

Облыстық онкология диспансерінің дәрігерлері кардиоорталықтың қан тамырлар хирургі Ерлан МАДЕШЕВПЕН бірлесіп, қатерлі ісікті алып тастау бойынша күрделі операцияны сәтті жасады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Науқастың диагнозы – «ретроперитонеум саркомасы». Ота кезінде сыртқы мықын артериясы мен сол жақта несепағардың төменгі үштен бір бөлігін резекциялау арқылы алып 15 келілік ісік алынды.

Отаны облыстық онкологиялық диспансері хирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсат ШАМШЕНОВ және облыстық кардиоорталықтың қан тамырлар хирургі Ерлан Мадешев жасады. Ассистенттер Мерей ҚАЗҒАЛИЕВ, Мақсат ТУҒАНБАЕВ және Мейрамгүл ИГІБАЕВА. Анестезиолог - Алиакбар ИМАМАТДИНОВ.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

ӨКҚ жолдаған сурет

8 сәуір 2023, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.