Атырау, 21 қараша 22:42
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Қозғалуға мұқтаж жандарға арналған LokoStep

1 080 просмотра

NCOC компаниясының қолдауымен облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығына «LokoStep» локомоторлық оңалту аппараты пайда болды. Бұл туралы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат МӘМБЕТОВ мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Бұл кешен инсульт алған, сондай-ақ бас миы мен жұлын жарақаттарымен ауыратын және әртүрлі патологиялық жағдайлардан кейін жүру функциясы бұзылған және бала кезінен бастап церебралды сал ауруымен ауыратын науқастарға арналған.

- Кешен облыс бойынша әзірге жалғыз, осы орталықта ғана іске қосылып отыр. Бұл жалпы тірек-қимыл терапиясы үшін таптырмас аппарат. NCOC компаниясына алғысымыз шексіз. Мұндай тарту NCOC компаниясының алғашқы жобасы емес. Осыған дейін де бірнеше рет қажетті құрал-жабдықтарды орнатты. Мәселен, Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай сумен емдеу процедурасы үшін  душ жабдықтарын алып берген болатын,- деді А.Мәмбетов.  

Айта кетейік, облыстық мүгедектерді сауықтыру орталығы 16 жастан асқан 1 және 2 топтағы мүгедектерге қызмет көрсетеді. Өткен жылы бір мыңнан аса адам қызмет алған.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 сәуір 2023, 23:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.