Атырау, 25 қараша 05:09
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда миллиард теңгелік спорт алаңдарының құрылысы аяқталмай қалды

1 354 просмотра

Мектеп спорт алаңдарының құрылысы бес жыл бұрын басталып, ақыры аяқталмаған күйі қалды.

«АЖ»-ға өз дереккөзінен белгілі болғандай, «Атырау қаласындағы орта мектептерге арналған спорт алаңдарының құрылысы» деп аталатын жобаны жүзеге асыру 2018 жылы басталған. Оның құны 1,3 млрд теңгені құрады, бірақ мердігер өзіне тиесілі соманың қомақты бөлігін ала отырып, белгісіз себептермен бүкіл жұмысты тоқтатты.

Бұл ақпаратты қала әкімдігі «АЖ»-ның сауалдарына жауап беру барысында растап, тендерді әлдебір «Фирма Лан» ЖШС ұтып алып, 2020 жылдың күзіне қарай №4, 6, 8, 12, 18, 20, Алтынсарин, Құнанбаев, Нысанбаев атындағы және т.б. мектептердің – барлығы 25 оқу орнының спорт алаңдарын салуға міндеттелгені белгілі болды.

«Құрылыс-монтаж жұмыстары 60 пайызға орындалды, бірақ аяқталмады. Мердігердің нысанды аяқсыз қалдыруының себептері белгісіз. Оның әрекетіне орынды түсініктеме беру мүмкін емес», - делінген 2018-2020 жылдары мердігерге келісілген соманың көп бөлігін төрт траншпен төлеген әкімдіктің жауабында. Қалдық 645 млн теңгені құрады.

Одан әрі сот ісі басталып, шамасы «Фирма Лан» ЖШС-де «ақылға қонымды түсініктемелер» табылған болуы керек, сот әкімдіктің мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану және тұрақсыздық айыбын өндіру туралы талап арызын қанағаттандырудан бас тартты, ал құқық қорғаушылар «қылмыстық құқық бұзушылықтың болмауына байланысты» деген тұжырыммен басталған тергеу ісін тоқтатты.

Оның үстіне, өткен жылы «Фирма Лан» ЖШС өз кезегінде келісімшартқа қосымша келісімді қалпына келтіру туралы талаптарын қанағаттандырған әкімдіктің үстінен сотқа шағым түсірген.

«Қосымша келісімшарт жасалған соң мердігер мекеме құрылыс жұмыстарына жұмылдыруды бастайды», - деп жауап берді қала әкімдігі алаңдарды кім аяқтайды деген сауалға.

Дегенмен, бұл біртүрлі хикая...

Лев ГУЗИКОВ

23 наурыз 2023, 01:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.