Атырау, 23 желтоқсан 15:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Бір абзацпен

2 647 просмотра

Қалалық сот қаржы полициясының қызметкеріне пара беруге тырысқан кінәліге қатысты үкім шығарды. Сыбайлас жемқорлық және экономикалық қылмыспен күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, азамат Кнасов тергеуге дейінгі тексеру материалының оңды шешімі үшін жүз мың теңге көлемінде пара беру кезінде ұсталған. Сот оны шартты түрде бір жыл бас бостандығынан айырды.

Полицейлер қаруланған тонаушыны іздестіруде. Қала прокуроры Х.Дәуешов хабарлағандай, Пушкин көшесінде орналасқан сөйлесу қосынында түр келбеті азиялық ер адамның пышақпен  операторды қорқытып, одан актив карталарды беруін талап еткен. Қылмыскер операторды жаралап, «Activ» және «Beeline» карталарын алып, жасырынып қалған.  

Прокуратура мүгедек жанға жаңа пәтер алуға көмектесті. Қала прокуроры Х.Дәуешовтің айтуынша, халықтың әлеуметтік қорғалатын тобына жататын азаматша Ахметованың жеке үйі апатты жағдайда болған екен. Алайда, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 118-бабы бұзылып, ол адамға баспана берілмеген. Қадағалау органының араласуымен мүгедек анаға екі бөлмелі пәтер берілген.

Қалалық сот жалған кәсіпкерге қатысты үкім шығарды. Сыбайлас жемқорлықпен және экономикалық қылмыспен күрес департаментінің баспасөз хатшысы А.Мұхтарованың айтуынша, азамат Г. «Атыраустроймонтаж-ГАБ» және  «ЗападТрансКом-ГАБ», жалған кәсіпорындарының реквизиттерін қолданып, түрлі кәсіпорындарға жалған есеп шот-фактураларын жазып берген және мемлекетке 74 миллион теңге көлемінде залал келтіре отырып, ақшалай қаржыны заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған. Сот оған шартты түрде 4 жылға үкім шығарды.

Автоинспекторлар «Жолда қабылдау» акциясын өткізді.Автобригада Махамбет, Индер поселкелерінде болып, халықпен кездесіп, деректі фильмдер көрсетті. Сондай-ақ, жол полициясының тіркеу-емтихан бөлімшесінің қызметі туралы жұртшылық пікірін білу мақсатында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 460-тай адам қатысты.

2010 жылы Каспий теңізінде ұсталған тағы да дағыстандық екі браконьерге үкім шығарылды. Табиғат қорғау прокурорының көмекшісі М.Әзірбаевтың айтуынша, олардың әрқайсысы жалпы режимдегі колонияда бір жыл бас бостандығынан айыру жазасын алды. Бұдан басқа, сот мемлекетке келтірілген 219 мың теңге мөлшеріндегі залалды өндіру туралы талап арызды да қанағаттандырды.

Автоинспекторлар қолдан жасалған жүргізушілік куәлігімен БМВ көлігін жүргізіп жүрген 1989 ж.т. жүргізушіні анықтады. Оның өзі өткен жылдың желтоқсан айында жүргізушілік куәлігінен айырылған екен.

Облыстық аурухананың травматологиялық қосынының меңгерушісі А.Бисенғалиевтің айтуынша, жыл басынан бері қаңғыбас иттерге қабылған 82 адам тіркелген екен. Абырой болғанда, иттердің құтырумен ауыратындары болмай шыққан.

23 наурыз 2011, 19:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.