ZHASALASH.KZ. «Қазақ қоғамы дүрбелең алдында тұр» - Өткенде Дума басшысы Грызлов “Думада дауласуға болмайды” деп едi, бiздiң сенат спикерi Қ.Мәми “парламентте амбиция көрсетуге болмайды” деп қалды. Парламент – нағыз амбиция көрсететiн жер. Депутаттар сөз жарыстырып, таласуы керек. Ал бұлар болса, осындай түсiнiкпен парламенттi КПСС деңгейiне апарғысы келедi. Спикердiң сондай сөз айтуы және жетпiс сенатордың бiрде‑бiрiнiң тұрып “Қайреке, артық кеттiңiз” деп айтпауы бiраз нәрсенi аңғартады. Парламентте сөз жарыстырмағанда, қайда айтысады?
«Каримов пен Назарбаев...» - “Республика” порталында Анатолий Чагир деген автордың “Назарбаев қатты науқас” деген мақаласы жарияланды. Анығында, А.Чагир хат жолдаған, портал оны жария еткен. Онда былай дейдi: “Мемлекет бостан болған сайын құпияны жасырып ұстау қиынға соғады. Әсiресе, бұл құпия президентке қатысты болса. Израйльдiк “Едиот Ахронот” басылымының түртiнектеген тiлшiлерiнiң арқасында Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда Израйльге не үшiн барғаны әйгiленiп қалды.
JANAOZEN.NET. «Шовинистер қазақ атауына қарсы шықты» - Крамаренко мырза оған қоса, ономастика мамандарының шешімін «бұл шешім елдімекендердің атын негізін қалауға, оны дамытуға үлес қосқандарға деген құрметсіздік» дейді. Ал сол сайттың редакторы Илья Намовир орысша атаулардан бас тартуы – «биліктің әлеуметтік, діни және саяси жағдайларды ғана шиеленістіріп қоймай, енді ұлтаралық жағдайды отқа май құйғандай қиындатады» дейді.
«Оппозиция 1 миллион қол жинауға кірісті» - Референдум өткізу бойынша бастамашыл топ енді Қазақстан тәуелсіздігін сақтап қалу үшін 1 миллион қол жинауға кіріседі. Оппозициялық топ осы арқылы билікке халық дауысын жеткізгілері келеді.
ULT.KZ. «Ұлы Дала ‑ Адамзат өркениетінің бесігі» - Бүгінге дейін айтылып келген, Адамзат өркенниеті – Қытайдан – Индиядан – Парсыдан – Египеттен – Грекиядан – тарапты‑мыс дейтін, жаңылтпаш тәрізді жайдақ пікірлердің өтірік екені ашылып жатыр. Өйткені, қазіргі адамзаттың азып‑тозуын тоқтататын, тек «шындық» қана емес, енді тіпті нағыз «ақиқаттың» өзі ғана қажет екенін, уақыт тынысы талап етіп отыр.
ABAI.KZ. "Ермек Тұрсынов, режиссер: «Өз ұлтымнан жерінсем кім болғаным?»" - «Менің билік салаларында достарым бар. Білімдар, көзқарасы кең, әңгімеміз жарасатындықтан, оларды жаныма жақын тұтамын. Бірақ, олар құбылып күн көруге мәжбүр. Жұмыста басқа, үйде басқа, достарымен мүлдем өзгеше. Робот, терминатор, қарапайым адамның кейпіне тез енеді. Сондықтан көбіне оларды түсіне алмаймын, өйткені, өзімде құбылмалы мінез жоқ. Алайда оларға кінә артуға хақым бар ма? Пешенесіне жазылғаны - сол. Өздері таңдаған жолмен жүріп келеді. Қазақтардың үнемі жау іздейтін әдеті барын жадымнан шығарған емеспін. Керек жауын тауып та алады. Ал таппаса, ойдан шығара салады».
TURKYSTAN.KZ «Арабтар Қазақстанда мал өсірмек» - Араб кәсіпкерлердің айтуынша, жергілікті табиғат малдың мол өнім беретін тұқымын көбейтуге өте қолайлы көрінеді. «Хашугрупп» бизнес тобының қаржы директоры Асад Талиб Хусаин Шах: «Таяу Шығыс елдеріне ет тасымалдау 70-75%-ды құрайды. Негізінен біз Австралия мен Еуропа елдерінен ет тасымалдаймыз. Көптеген мұсылмандар еттің сапасына разы болмай жатады. Өйткені оларды дайындауда әртүрлі дәрілер, гормондар пайдаланылады. Біз ет өнімдері анағұрлым сапалы болса дейміз. Сіздердегі табиғат дені сау малды өсіруге мүмкіндік береді», – дейді.
SERKE.ORG. «Ермұхамет Ертісбаев Грузияда не істейді?» - Президенттің саяси істер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды. Ішкі саясатта маңызды рөл атқарып отырған маманның аяқасты шетелге жіберілуі көптің көңілін күпті етіп отыр. Ақорда неге мұндай қадамға барды? Е.Ертісбаевтың алыстағы Грузияға кетуі оппозицияға пайдалы ма? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
ZHEBE.COM. «Қош бол, қару!» - Түркия отыз жылдай ойран сап келген «Күрдістан жұмысшы партиясы» (КЖП) белсенділерін шекарадан шығара бастады. Бұл түрік үкіметтің «Имралы келіссөзінің» нәтижесі. Имралы аралында түрмеде жатқан КЖП серкесі Абдолла Өжалан күрт халқы көп шоғырланған Диярбақыр қаласында өткен наурыз мейрамын тойлау кезінде КЖП белсенділеріне шекара сыртына шығуға арналған үндеуін жолдаған болатын.
"«SCAT» «орыс рулеткасы» ма?" - Әуе компаниясы қанша жерден ақталса да, жолаушылардың «SCAT»-қа де-ген сенімі артар емес. Өйткені аталған ком-пания қателіктен көз ашпай келеді. Жалпы халық ұшаққа отыруға жүрексініп қалды. Де-генмен оған тек аталған әуе компаниясы ғана кінәлі емес. Өткен 2012 жылдың 25-ші жел-тоқсан күні ҰҚК шекара қызметіне қарасты АН-72 әскери-жүк ұшағы Шымкент қаласының маңында апатқа ұшырап, 27 адам түгел қаза тапты. Міне осы жағдай жолаушылардың көңілін күпті етіп жүр. Тіпті қазақтың ба-тыр ұлы Тоқтар Әубәкіровтың өзі «Жасыратын несі бар, ұшаққа мінгенде алаңдап оты-ратын болдым» дейді.
«Алпысында азап шеккен Ахмет немесе қабырға қайыстырар хаттар»
AIKYN.KZ. «Түрмедегі реформа «авторитеттердің» аяғына тұсау сала ма?» - Қазіргі Қазақстанның темір торларындағы ахуал қалай? Бұл сауалдың жауабын бірнеше нақты деректерді талдай отырып, аңғаруға болады. Егер тәуелсіздік алған жылдары сотталушылары жөнінен еліміз АҚШ, Ресейден кейінгі 3-орында тұрса, 70-тей заңды ізгілендіріп, 7 рет амнистия жариялаудың нәтіижесінде өткен жылы 31-орынға көтерілген. Салыстырмалы түрде айтқанда 2000-жылдары 40 мыңдай адам темір торға тоғытылса, өткен жылы олардың қатары 9 мыңға дейін кеміген. Бірақ мұның өзі де жарытымды көрсеткіш емес, өйткені халықаралық стандартта 100 мың адамға 150 сотталушыдан келсе, бізде 316-ға жетіп тұр.
ALASHAINASY.KZ. "Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Қазақстан әлемнің мұнай экспорттаушы бестігіне кіреді»" - Қазақстан мен «Шеврон» компаниясының арасындағы серіктестіктің бастауы «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнын құрудан басталады. 1993 жылғы 6 сәуірде Алматыда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы мен «Шеврон» корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Кеннет Дерр «ғасыр шарты» аталатын тарихи шартқа қол қойған болатын. Сөйтіп, «Шеврон» қиын-қыстау заманда-ақ көптеген күдікті ойдан қаймықпай, Қазақстанға инвестиция салған тұңғыш батыс мұнай компаниясы болды.
ZHASQAZAQ.KZ. «Арзан жанармай туралы ақиқат» - "Тексеруден байқағанымыз, бізге жанармайды тегін берген 2 ЖЖҚС-да ғана сапасы қалыпты өнім сатылады екен. Қалғанының бәрінің – сапасы нашар. Әсіресе, біздің Павлодар зауытында шығарылатын өнімнің құрамында октан көп. Яғни қоспасы көп жанармай автокөлікке зиян. Біз бұл мәселені бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі тұрғысынан көтермек ойдамыз. Бұл іске сақтандыру компанияларын жұмылдырғымыз келеді. Мысалы, жанармайдың сапасын анықтау үшін бір ғана тамшысынан білуге болады. Бізге сондай әдісті енгізу керек".
31.KZ. «Кипрдегі 1 миллиард евро кімдікі?» - Дағдарысты желеу етіп, банктерде сақталған қаржыны меншіктегісі келетін Кипр мемлекетіне депутат Перуашев қарсы шықты. Оның айтуынша, бұл қомақты қаржы қазақстандық кәсіпкерлерге тиесілі. Мәжілістің кеңейтілген отырысында Кипрдегі миллиардты елге қайтару керек деген қалаулы үкіметке осылай сауал жолдады.