Атырау, 6 қазан 11:16
 ашықВ Атырау +24
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырауда алып миоманы алып тастау отасы жасалды

1 884 просмотра

Атырау облыстық ауруханасының дәрігерлері науқастың жатырынан 8 келі миома алды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Дәрігерлердің айтуынша, 53 жастағы науқас қабылдау бөлімшесіне келгенде іші ауырып, жүрегі айнып, құсып, әлі кетіп, басы айналып және қан кетті деп шағымданған. Дәрігерлер толық тексергеннен кейін науқасқа «Жатырдың алып миомасы. Түйін некрозы, орташа анемия» диагнозы қойылды. 

Облыстық аурухананың гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Жанаргүл Бекенова, гинеколог дәрігерлері Іңкәр Оңдасынова, Мақсат Туганбаев жасаған ота сәтті өтіп, науқас қазіргі уақытта гинекология бөлімшесінде қарқынды ем алып жатыр.

Дайындаған Нұрбейбіт Нұғыманов

ӨКҚ жолдаған сурет

24 қаңтар 2023, 17:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.