Атырау, 24 қараша 07:21
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Ауру айтып келмейді»

1 885 просмотра
Брифинг видеосынан алынған кадр

Атыраудағы мектептердің бірінің директорында туберкулездің анықталғаны туралы дерек бойынша ӨКҚ өткен брифингте №4 қалалық емхананың бас дәрігері Еркін САБИРОВ мән-жайды айтып берді.

Оның айтуынша, 5 қаңтарда мектеп директоры жүдеп кеткені туралы шағыммен №4 емхананың эндокринолог дәрігеріне жүгінген. Дәрігер күдіктеніп, науқасты рентгенге жібереді, нәтижесі өкпеде дақ бар екенін көрсетеді. Осыдан кейін оны компьютерлік томографияға және қақырықты тексертуге жіберіп, 17 қаңтарда «ашық туберкулез» деген нақты диагноз қойылған. Бұл маңызды жайт, өйткені аурудың жабық түрі жұқпалы емес, бірақ ашық түрі жұғады.

Облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері директорының орынбасары Гүлжанат БЕКБОЛАТОВАНЫҢ айтуынша, науқастың жағдайы қазір «орташа» деп бағаланып отыр. Бұл аурудан басқа, одан қант диабеті және қан қысымы жоғары екені анықталған. Емдеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қалалық санитариялық дәрігерлер мектептегі орынжайларды дезинфекциялап жатыр, басшымен байланыста болған мектеп қызметкерлерін тексеруде - анализ нәтижелері жақын күндері дайын болады. Директордың өзі «денсаулығына байланысты» жұмыстан шеттетілді.

Қалалық білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Аманбай ХУСЫНОВТЫҢ айтуынша, бүгінде бұл мектепте 1289 оқушы білім алып, 112 ұстаз еңбек етеді. Мектеп қалыпты жұмыс істеп тұр.

- Барлық ұстаз еңбек демалысы кезінде медициналық тексеруден өтеді, олардың санитариялық кітапшалары бар, дәрігерлер ол жерге белгі қояды, - деді А.Хусынов. Ол әріптесінің тезірек сауығып кетуін тілеп, «аурудың айтып келмейтінін» атап өтті.

Айнұр САПАРОВА

20 қаңтар 2023, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.