16 желтоқсанда Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылының 20 қараша күні таңертең ерте үйінен шығып кетіп, із-түссіз жоғалып кеткен 24 жастағы тұрғынының мәйіті табылды.
Бастапқыда оны іздеуге ТЖД мен полицияның көп күші жұмылдырылды, кейіннен «ҚазАвиаСпас» АҚ тікұшағы қосылды. Бірақ нәтиже бермей, біраз уақыттан кейін іздеу жұмыстарының белсенді кезеңі тоқтатылды. Ал мәйітті далада – Қаракөлден 22 шақырым жердегі «Өмірәлі» деген жердегі бейіттердің арасынан қойларын іздеп жүрген шопан тауып алған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ