Атырау, 22 желтоқсан 19:03
 бұлттыВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Қажеттілік болмады»: Мұқыр ауылының 67 жастағы тұрғыны алғаш рет жеке басын куәландыратын құжат алды

1 961 просмотра

Қызылқоға аудандық көші-қон полициясы бөлімінің қызметкерлері анықтағандай, Мұқыр ауылының 67 жастағы тұрғыны жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген, оның тіпті кеңес заманындағы төлқұжаты да болмаған.

Әйел ешқайда шықпай, ауылдың шеткі жағында ұзақ жыл бойы мал бағумен айналысады; ол полицияға құжатқа аса қажеттілік болмағанын, сондай-ақ зейнетақы алуға өтініш білдірмегенін айтты.

Ештен кеш жақсы: полицейлер заңға сәйкес құжаттардың тиісті тізбесін жинап, рәсімдеп, әйелге Қазақстан азаматының жеке куәлігін табыстады.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

ПД жолдаған сурет

16 желтоқсан 2022, 13:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.