SERKE.ORG. «Мұхтар Тайжан оппозициялық жаңа партия құра ма?» - Саяси аренада ұлтшыл-патриот ретінде танылып жүрген Мұхтар Тайжан осыдан екі күн бұрын Фейсбук (ФБ) әлеуметтік желісінде өзінің алдағы саяси жоспары жөнінде жазба жариялады.
«Әміржан Қосанов қандай адам?» - ЖСДП-ның Х-Құрылтайы Жармахан Тұяқбайдың төрағалық етуімен Алматы қаласында 2013 жылдың 20 наурызында өткені белгілі. Сол Құрылтай өтіп жатқан жерге, оқиғаны бүге-шігесіне дейін білетіндердің айтуына қарағанда: «ешқандай шақырусыз келген Әміржан Қосанов деген саясаткердің», ал, Әміржан Қосановша айтсаңыз: «осы партияны құрған және Ж.Тұяқбайдың бірінші орынбасары немесе партияның бас хатшысының» бұл пікірлерін бүкіл ғаламтор желілері жерден жеті қоян тапқандай, жарыса жазуда.
ZHEBE.COM. «Қазақстан «Қазақ елі» деп аталуы керек!» - Ғаламторда еліміздің атауын «Қазақстан» емес «Қазақ елі» деп атау туралы ұсыныс жарық көрді. Авторы Диас Азимжанов деген блоггер. Бұл бастаманы қолдағандар саны да аз емес. Солардың қатарында академик Ерментай Сұлтанмұрат та бар. Біз ғалымның пікірін ұсынғанды жөн көрдік.
AIKYN.KZ. «Жүз нұсқа емес, бір нұсқа керек» - Жүз қаралы қазақ ғалымы арасында бақталастық басталыпты. Әркім-ақ Қазақстанның ресми қабылдайтын «латын әліпбиінің» авторы атанғысы келеді. Олардың ешқайсысы бәсекелестерін мойындап, соны жөн көріп, тарихта қалудың беріліп отырған бұл мүмкіндігін жібергісі келмейтіндей.
KAZAKZAMAN.KZ. «Блогерлер кімге қызмет етеді?» - Шымкент қаласында «Блогқұрылтай - 2013» болып өтті. Қазақстанның барлық аймақтарынан жиналған 155 блогер екі күнді мәнді өткізуге тырысып бақты. Блогқұрылтайға сонау Қытай, Түркия жеріндегі қазақ бауырларымыз да келіпті. Тіпті тіркелген қонақтар сапында Германия, Моңғолия сынды мемлекеттерден де келуге ынта білдіргендер болған екен.
ZHASALASH.KZ. «Келi-келсап» - Бауыржан Мұхамеджановты күттiре-күттiре ақыры Балтық асырды.
“Каримовтiң ақыры” - Ыдырысов кiммен кездестi: каримовпен бе, әлде оның “егiзiмен” бе?
ALASHAINASY.KZ. «Біздің Қытай туралы түсінігіміз әлі күнге Үрімжіден әрі аспай тұр» - Көгілдір экран төріне күн сайын шығу бақытына ие тележүргізушілер көп болғанымен, солардың барлығы бірдей көрермен жүрегін жаулай бермейді. Себебі сөзбен, қимыл-әрекет, қыл аяғы, ым-ишарамен баурап алу деген – кәдімгі өнер.
MASA.KZ. «Әлімғазы Дәулетқан. Шығыс Түркістанның шындығы немесе Әлихан төре кім еді?» - Әлихан төре – тұтас түріктің мақтан тұтар асыл перзенттерінің бірі еді. Ол ғасырға жуық ұзақ та, ауыр ғұмырында түрік халықтары мен исламиятқа адал қызмет етіп, артына өшпестей мол мұра қалдырып кетті. Солай бола тұра, осынау айтулы тұлға туралы біздің қазақ жұртшылығы онша біле бермейді. Әрине, оның да белгілі тарихи себептері бар болатын.
TURKYSTAN.KZ. «Үрдіске айналған «үштік» - Еліміздің тәуелсіз тарихында мемлекеттік қызмет жөніндегі заң осымен үшінші мәрте өзгерді, жылдан жылға бұрмаланып, тіпті бір жылдары мүлдем әлсіреп қалды. «Бір кісі хан сайланса, қырық кісі атқа қонадының» керімен келдік бүгінге дейін. Енді командамен қызметке келетін шенеуніктерге тосқауыл қойылды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов қызметі ауысқан шенеуніктерге өзімен бірге үш адамды ғана алып жүруіне рұқсат берді.
AZATTYQ.ORG. «Қазақстанда да "онлайн-молдалар" пайда болды» - Қазақстанда әлеуметтік желіні белсенді түрде қолданатын дін қызметкерлері саусақпен санарлық. Халықтың басым бөлігі ұстанатын ислам діні өкілдерінің белсенділігі ерекше байқалады.
«Азияда ер адамдар шамадан тыс көбейіп барады» - Шығыс және Оңтүстік Азия елдері ұлдар мен қыздар санын теңестіру үшін күресіп келеді. Бұл елдердің кейбірінде 100 қызға шаққанда - 130, кейде 140 ер бала туады.
«Гүлнар Дулатова: «Жамандады деп өкпе артпаймын» - Саяси қуғын-сүргін куәгері Гүлнар Дулатова естелігінде Міржақып Дулатовтың сүйегін Сібірден алдырарда биліктен көмек күткенін айтады.