Атырау, 21 қараша 22:18
 ашықВ Атырау +4
$ 495.20
€ 522.34
₽ 4.94

Қалалық перзентхана енді көп нәрестенің өмірін сақтайды

1 715 просмотра

Атырау қалалық перзентханасының жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесі арқылы жыл сайын 270-тен астам бала өтеді. Сондықтан шала туылған нәрестелерді қарқынды терапия мен реанимациялауға арналған заманауи құрал-жабдық түріндегі бұл сыйлық осы емдеу мекемесіне өте қажет.

Бұл жабдықты AYALA қайырымдылық қоры мен «BAYER Қазақстан» компаниясы сыйға тартып отыр. Алдағы бес жылда бұл медициналық техника кемінде 1350 баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

- Біздің перзентхана медициналық көмек көрсетудің ІІ деңгейіне жатады. Қалада тұратын әйелдердің босануы қиын болған жағдайларда бізге жіберіледі. Жедел және сапалы көмек көрсету үшін біздің жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесіне реанимациялық жабдық өте қажет болды. Біз неонатолог-дәрігерлерге және реаниматологтарға қатты көмектесетін заманауи сенімді жабдықтар жиынтығына ие болғанымызға қуаныштымыз, - дейді қалалық перзентханасының директоры Гулзинеп ДЮСУПОВА.

Ал Қазақстандағы «Bayer» компаниясының бас директоры Лаума Валтере аналар мен балалардың денсаулығына қамқорлық жасау - Bayer компаниясының маңызды миссиясы екенін жеткізді.

- Атырау қаласының кішкентай тұрғындарының денсаулығын жақсартуға үлес қосуға мүмкіндік алғанымызға өте қуаныштымыз, - деді Л.Валтере.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті ӨКҚ жолдады

16 желтоқсан 2022, 13:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.