Ол мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл нысанда ерекше балаларға арналған массаж жасау кабинетімен қатар, Қазақстанда жасалған соңғы үлгідегі мүгедектер арбасы бар.
Аталған бастаманы жас кәсіпкер, «Біз адамбыз! Біз біргеміз» қоғамдық қорының директоры Наурызбек ШАКИЕВ жүзеге асырып отыр. Ол осы жоба арқылы тағдырлас жандарға көмектесуді мақсат етіп отыр.
- Орталықтың басты мақсаты –мүмкіндігі шектеулі жандардың қозғалып тұруына ыңғайлы, сапалы, соңғы үлгідегі арбаларды өңірімізге әкелу. Мүгедектер арбасын электронды түрде қарап қана қоймай, ыңғайлысын таңдап, тексеріп, тегін алуына үлкен мүмкіндік жасап отырсыздар. Бұл бастамаларыңызға ризамын, өйткені біз үшін өте маңызды. Жұмыстарыңызға сәттілік, - деді ашылу салтанатында қала әкімінің орынбасары Нұржан ЕРМҰХАНОВ.
- Атырау қаласынан «DOS Ortopedia» филиалын ашып, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасап отырмыз. «Біз адамбыз! Біз біргеміз» қоғамдық қоры «DOS Ortopedia компаниясымен келісім шартқа отырып, кресло-арбалар мен «ақылды» нотбук алғыздық. Сондай-ақ, ерекше балаларға тегін массаж жасаймыз. Мұндай топтағы балаларға массаж жасатамын десеңіздер, 8(778)0486139 нөміріне хабарласып, жазылсаңыздар болады, - деді Н.Шакиев. – Бұдан басқа, мүмкіндігі шектеулі жандардың арбасын жөндеу шеберханасын ашуды жоспарлап отырмыз.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған суреттер