Атырау қалалық №7 емханада пациенттердің мәселесін жедел шешу мақсатында байланыс орталығы жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Орталық медициналық көмектің сапасын бағалауға, емделушілердің өтініштерінің негізінде жұмыстарды жақсарту мақсатында ұсыныстар енгізуге көмектеспек.
Байланыс орталығына хабарласудың артықшылығы – өтініш берушілердің проблемалары мен өтініштерін жедел әрі оларға қолайлы уақытта шешу. «Жанұя денсаулық орталығының» бөлім басшысы Мұрат ҚҰРБАНОВ атап өткендей, бұл ең қолайлы әдіс, өйткені ешқайда барудың қажеті жоқ.
- Бұл емделушілер мен емхана қызметкерлері үшін тиімді болмақ. Байланыс орталығы емхананың № 314 кабинетінде орналасқан, - деді М.Құрбанов. Байланыс орталығының номері: 8 701 358 79 70.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ жолдаған суреттер