Атырау, 30 қараша 08:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

Ешкім де кепілдік бермейді

4 695 просмотра

Зейнетақы жүйесі реформасы аясындағы өтпелі кезең  қазақстандықтарды біраз әбігерге салды: түрлі қаңқу сөздер мен сұрақтар пайда болды. Расында да, бірыңғай ұлттық зейнетақы қоры (БҰЗҚ) шын мәнінде бірыңғай бола ала ма және қазақстандықтар оған көшкенде өз инвестициялық табыстарын сақтай ала ма?

ҚАҢҚУ СӨЗДЕР ҚАПТАП КЕТТІ

Ұлттық банктің қазіргі зейнетақы жүйесі күйреуге жақын деп кездейсоқ мойындауынан болған «ылаң» әлі тарқай қойған жоқ. Бірыңғай зейнетақы қорына өтуге байланысты 22 заңнамалық актіге енгізілетін өзгертулерді күту қажеттігі бүгінгі күні барлық сұрақтарға тікелей нақты жауап алуға мүмкіндік бермей отыр.

- Бізге мемлекеттен тәуелсіз мәртебені сақтап, БҰЗҚ-ға өтпеуге ұсыныс жасап отыр, - деп таңғалдырды оқырмандарымыздың бірі телефон арқылы. – Менің кейбір әріптестерім реформадан кейін қазір жұмыс жасап отырған МЖЗҚ-дан басқа «Астана» қоры мен Халық банкінің ЗҚ осы бағыттағы жұмыстарын жалғастыра береді деп отыр. Әзірге кеш болмай тұрғанда осылардың біріне көшіп алу керек-мыс. Не істеуіміз керек?

Аталған зейнетақы қорларының бірде-бірі бұл әңгімелер турасында нақты еш нәрсе айта алмады. Бәрі де Ұлттық банктің өкімдері мен заңнамалық органдардың шешімдерін күтіп отырғандарын мойындады, ал әзірге сол қаңқу сөздерден аса алмауда.

- Қазір сіздердің осы сұрақтарыңызға ешкім жауап бере алмайды, - дейді «Астана» қорының Атырау филиалы директорының орынбасары Ақмарал САПАРҒАЛИЕВА. – Біздің филиал бұрынғы режимде жұмыс жасап жатыр, мәртебеміздің өзгеруі жөнінде ешқандай өкім келген жоқ.

Халық банкі ЗҚ қызметкерлерінің жауаптары да осындай болды.

Григорий МАРЧЕНКОГригорий МАРЧЕНКОРensia.kz сайты форумы қолданушыларының пікірінше, 100 пайыз акциясы ҚР Ұлттық банкіне тиесілі Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (МЖЗҚ) шоғырландырылған Бірыңғай қордың базалық алаңы болатын негізгі үміткерлердің бірі болып табылады. Бұл идеяны Ұлттық банктің төрағасы Григорий МАРЧЕНКО мен премьер-министрдің орынбасары Қайрат КЕЛІМБЕТОВ әуелден-ақ тыққылай бастаған. МЖЗҚ өздерінің қазіргі өкілеттіліктерін сақтап қалады деген әңгімелер осыдан шыққан деп есептейді осы қор қызметкерлері.

- Бұл туралы ешқандай ресми өкімдер жоқ. Қазір БҰЗҚ құру үшін қай қордың базасын алу керектігі талқылануда, - дейді МЖЗҚ Атырау филиалының операциялық бөлімінің бастығы Раиса БЕРЕКЕНОВА телефон арқылы.

Бұл турасында қандай да бір қорды таңдаса да, бұл мүлдем басқа бренд – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры болады және оның тең өкілетті, жеке өз бетінше әрекет етуші қорлар түріндегі бәсекелесі болмайды деп сенімділікпен айта аламыз. Ал бұл жүргізіліп отырған реформаның идеясына қарсы келетін дүние.

 

«БІЗДІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІМІЗГЕ КІРМЕЙТІН МӘСЕЛЕ»

Қайрат КЕЛІМБЕТОВҚайрат КЕЛІМБЕТОВӘр түрлі ЗҚ-ның салымшыларын біріктіру туралы шешім жұмыссыздардың санын тағы да арттыратыны сөзсіз: жергілікті филиалдар, әзірше, штат қысқарту туралы хабарламалар алған жоқ, алайда түбі болатыны түсінікті. Өзгерістердің бастамашысы Ұлттық банк бұл зардаптар үшін жауап бермейді – Бас кеңсенің баспасөз қызметінің қызметкері Азамат КЕНЖЕ өз ведомствосының жауапкершілік аймағын шектеді:

-Бұл мәселе біздің құзыреттілігімізде емес. Оларға басқа жұмыс тауып бере ме немесе жай ғана қысқартып жібере ме, оны жұмысқа қабылдаушылар шешеді.

Ал қазір жұмыс істеп тұрған зейнетақы қорларының қызметкерлері басқа жұмыс іздестіруде.

 

ҚАРАПАЙЫМЫРАҚ БОЛҒАНЫ ЖАҚСЫ ЕДІ

Ең басты сұрақ: осы реформа таңдап алынған оператордың сауатты инвестициялау нәтижесінде тапқан табысы мен сеніп тапсырылған қаражат құралдарының сақталуына кепілдік бере ала ма? Дағдарыстарға және қазір үкіметтік деңгейде қатты сыналып отырған қорларды басқару саясатына қарамастан, кейбір операторлар осы 15 жылда өз клиенттері үшін пайда тауып та берді.

Ұлттық банктің жауабын бір ай жарым уақыт күттім. Ол мен үшін кең ауқымды және түсініксіздеу көрінді.

«Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын жасау бойынша бірнеше тәсілдемелер жасады және бұларды ҚР Үкіметі мақұлдаған болатын.

БҰЗҚ құру жинақтаушы зейнетақы жүйесінің төмендегі негізгі параметрлерін сақтай отырып, жүзеге асырылатын болады:

- салымшының ЖЗҚ-да ашқан қолданыстағы жеке зейнетақы шоттарынан (ЖЗШ) осы салымшының (алушының) зейнеткерлік жинақтарын аударатын жеке зейнетақылық шоттар жүйесі. Қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы қорларынан БҰЗҚ-ға зейнетақы жинақтарын көшіргенде барлық зейнетақы жинақтары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған ЖЗШ-та сақталатын болады;

- жинақтардың меншіктілігін сақтау және оларды мұраға қалдыру тәртіптері;

- міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына мемлекеттік кепілдеме.

Зейнетақы жинақтарын алушының зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болу сәтіндегі инфляция деңгейін есепке ала отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақылық жарналар мөлшерінде сақталуы бойынша заңнамалар белгілеген мемлекеттік кепілдеме жүйесі БЖЗҚ зейнетақы салымдарына да қолданылатын болады;

- салымшыларды зейнетақы жинақтарының жағдайы туралы ақпараттандыру.

Зейнетақы жинақтаушы қорларының табыстылықты өтеу бойынша жауапкершіліктеріне келсек, №181 «Пруденциялық нормативтердің нормативті мәндері, зейнеткерлік активтерді инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін оларды есептеу әдістемесі туралы нұсқаманы бекіту туралы» қаулыға сәйкес, жауапкершілік жағдайы күнтізбелік жыл соңында барлық ЖЗҚ бойынша номиналды кіріс коэффициентінің орта мәнінен 30%-дан аса ауытқушылықтар болған жағдайда басталады».

Шынымды айтсам, мен мемлекет біздің табысымыздың сақталуына кепілдік бере ме, жоқ па, түсіне алмадым. Оның біздің жылдар бойы аударған салымдарымызды сақтауға міндетті екені, менің ойымша, белгілі нәрсе. Сұрақ біздің дивидендтерімізге қатысты туындап еді. Меніңше, бұған жауап берілген жоқ. Осы сөздердің жиынтығынан бір нәрсені анық байқадық – бұл тағы да Ұлттық банктің құзыреттілігінде емес. Ұлттық банк қызметкерлері бізге ақшаларымыздың сақталу құқығымызға кім кепілдік бере алатынын көрсеткілері келген сияқты, алайда мұны қиын жасаған екен. Мен жауаптары барлық адамға түсінікті болатындай, «иә, сақталады» немесе «жоқ, үміттенбей-ақ қойыңдар» деген сияқты қысқа да нұсқа жауап берулерін өтініп, тағы бір сауал жібердім. Сабырлық сақтап, тағы да күтейік, БҰЗҚ-ның еріксіз салымшылары.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

28 наурыз 2013, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.