Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мұнда 2017 жылдан бері зейнеткер мен мүгедектер, оның ішінде балалар үшін аумақтық әлеуметтік қызмет көрсету орталығы белсенді жұмыс істеуде. Жалпы ауданда мүмкіндігі шектеулі 298 бала болса, осы орталықта олардың көпшілігі сегіз бағыт бойынша қызмет алады, сонымен қатар, музыкалық сауат беру бағытында жұмыстар жүргізіледі.
- Біздің ғимаратымыз ескі, бірақ қазір оны реконструкциядан өткізуге жобалық-сметалық құжаттары жасақталды. Жаңартылған ғимараттан біздің өнерпаздарымызға арнайы зал беріледі деп жоспарланып отыр. Сол кезде үйірмеге тағы да балаларды көптеп тартамыз деген ойымыз бар, - деді орталықтың үйірме жетекшісі Болат БИДУАЛЛАЕВ.
Оның айтуынша, биылдан бастап орталықтың ішінен балалардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Шулы аспаптар ансамблі» атты үйірме ашылған болатын.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
ӨКҚ ұсынған суреттер