Атырау, 23 желтоқсан 11:33
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Хаменова 7 жылға сотталды, жазасын өтеу 3 жылға шегерілді

Сурет Бейнежазба
2 269 просмотра

Бүгін, 15 қарашада Атырау қалалық №2 сотында облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВА, мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек РЫСҚАЛИЕВ және кәсіпкер Өміртай АДАМОВҚА қатысты үкім шықты.

Б.Хаменова 7 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ кәмелетке толмаған екі баласының болуына байланысты үкімнің орындалуы 3 жылға шегерілді. Сондай-ақ ол өмір бойына мемлекеттік қызметте лаузымдар атқару құқығынан айырылды. Сонымен қатар, сот мемлекет басшысына оны «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізді. Жазасын өтеу кезінде оның тергеу изоляторында өткізген 11 айы бір жарым тәулікпен есептеледі.

Сот үкімімен А.Рысқалиев 7 жылға, Ө.Адамов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім жарияланған соң Рысқалиев пен Адамов сот залында қамауға алынды, ал Хаменова үйіне кетті.

- Аққа құдай жақ. Бәрібір шындық шығады. Соңына дейін күресіп, әлі аппеляциялық сот бар, Жоғары сот бар, бұл шындықтың жер бетіне шығарына сенемін, - деді Б.Хаменова сот залынан шыққаннан кейін журналистерге берген сұхбатында.


Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаларды түсірген автор

15 қараша 2022, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.