Атырау, 11 желтоқсан 21:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

"«Кедендік одақтан енді кете алмаймыз»". "Қуғындағы «олигарх» Березовский көз жұмды". "Түнтеков зардап шеккен әйелге 30 мың доллар төлейді". "Мектепте кино сабағы енгізіле ме?"

2 809 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қуғындағы «олигарх» Березовский көз жұмды" - "Путиннің кезіндегі Ресей - ол елдегі ғана емес, шетелдердегі демократияға да қатер. Ресей Батысқа да аса қауіпті. Батыс Ресейдің (путиншіл Ресейді айтамын) одақтас емес екенін, әріптес емес екенін неғұрлым ерте мойындаса, одан қорғанар амалды тезірек табуына сеп болар еді", - деді Березовский 2007 жылы.

ABAI.KZ. «Мектепте кино сабағы енгізіле ме?» - Естеріңізде болса, осы жылдың басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет «Қазақфильмге» үнемі қолдау көрсететінін айта келіп, кинематографистерімізді түсірілетін туындылардың сапасына назар аударуға шақырған еді. Ал шамамен бір ай бұрын Ресейде Кинематографистер одағының ұсынысымен мектептерде көрсетуге болатын 100 отандық фильмнің тізімі жасалып, талқылауға ұсынылған-ды. В.Рогалев те өз депутаттық сауалының соңында: «Кейбір фильмдерді, Білім және ғылым министрлігімен келісе отырып, еліміздің оқу орындарында көрсетуді міндеттеуге болатын шығар деп ойлаймыз», - депті.

"«Кедендік одақтан енді кете алмаймыз»" - Қазақ кәсіпкерлері тәуелсіз  ассоциациясының вице-президенті Тимур Назханов мырза осылай деп отыр.  Каpital.kz порталына берген сұхбатында ол: «2009 жылы күзде кедендік одаққа кіретініміз туралы естігенде біз қазақ бизнесі ғана емес,  тұтас Қазақстан аталған ұйымға мүше болуға дайын емес деген едік. Бүгін соған көзіміз анық жетіп отыр», - деді.

MASA.KZ. "Еркін Рақышев: «Магаданға мола іздеп бара берме»" - Жақында «Мағжан Жұмабаевтың, Сәкен Сейфуллиннің өмірбаян деректерін нақтылау, жерленген орындарын анықтау, сүйектерін елге жеткізу – ұрпақ парызы» атты ғылыми конференция өтті. Осы жиынға қатысқан тарихшылар, қоғам қайраткерлері: М. Жұмабаев пен С. Сейфуллин атылған жоқ, оларды түрмеде көрген адамдар бар, сүйектерін елге жеткізу керек, - деген шешімге келді. Осы жиынға қатысқан белгілі режиссер Еркін Рақышев бұл шешімге үзілді-кесілді қарсы болды.

BAQ.KZ. «Түнтеков зардап шеккен әйелге 30 мың доллар төлейді» - «Бостандыққа шыққан соң үш күннен кейін онымен кездестік. Сенімгерім екеуі өтелетін ақы сомасын қысқартып, 30 мың долларға келісті. Ай сайын Түнтеков 10 мың доллар төлеп, 3 айда барлық соманы жабуы қажет. Бірінші төлем – айдың соңында, қалғандары келесі айдың басынан бастап төленуі керек. Басқа айтар талап-тілектеріміз жоқ»,-деді зардап шегушінің ресми уәкілі Зүбайда Асқарова. 
 

ZHEBE.COM. «Біз намысқой халықпыз, бірақ...» - Жүрсін ЕРМАН, ақын: "Шымкентте өткен айтыс жаман болған жоқ. Айтыс деген өзі әртүрлі болады. Кейде бір тұтас айтыста жарқылдаған жеке айтыстар айтыстың рухын көтеріп кетеді. Көркем сөздер, шешендік нақылдар, батыл ойлар айтылып жатады. Айтыс ала-құла болады. Шымкентте өткен айтыс та соны көрсетеді. Ішінде қазақы қалпын сақтаған жезде мен балдыздың, құрдастардың айтысы болды. Біраз айтыстар жырлау мақамында өрбіді. Көңілге қуаныш әкелмейді. Мен солай бағалаймын".

AIKYN.KZ. «Ниет болса Түркі одағын құру қиын емес...» - Айдос САРЫМ, саясаттанушы: "Менің ойымша көп мәсе­ле­нің шешім табуы ықыласқа, ниет­ке байланысты. Мәселен, 86-шы жылы не болмаса оның алдында «КСРО тарқайды, оның орнына жа­ңа тәуелсіз ондаған мемлекет пай­да болады» деген адам болса, «мы­нау жынды ма, не айтып тұр?» дер едік. Я болмаса бірден жын­ды­ханаға қаматар едік. Бірақ сол Жел­тоқсан оқиғасынан кейін, ара­да 5 жыл өтісімен әлемді ті­реп тұрған қаһарлы империя үш күн ішінде күйреді де қалды. Бұл әрине, біздің бағымыз".

EGEMEN.KZ. "«Хал қалай, қазақ «мультигі»?»" - «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген ешқашан ескірмейтін бір сөз бар. Ұлы Мұхтар Әуезовтан қалыпты дейтін осы сөздің аясына ұлт ертеңіне, балалар тәрбиесіне қатысты барлық пайдалы іс-шаралар кіреді. Солардың бірегейлерінің басында бүгінде мульт­фильм тұр десек, қателеспейміз.

QAMSHY.KZ. «Құрылыс материалдарының 80 пайызын отандық кәсіпорындар ұсынуы керек» - Қазақстанда Ресейден кем түспейтін минералды-шикізат базасы бар. Айталық, гранит, мрамор, саз және құрылысқа қажетті түрлі руданы еліміздің кез келген жерінен табуға болады. Бұл шикізаттарды әрі қарай өңдеп, дайын құрылыс материалын жасап шығаруға болатындай өнеркәсіптік инфрақұрылым да біршама қалыптасқан.

26 наурыз 2013, 11:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.