Атырау, 10 желтоқсан 00:42
 ашықВ Атырау -7
$ 510.08
€ 539.61
₽ 5.15

Жаңа жылға - жаңа ережелер

4 736 просмотра

Өткен аптада облыстық әкімдікте облыстағы білім беру және денсаулық сақтау саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы талқыға салынды.

 

 

 

«АЛТЫН ЖАЛАТЫЛҒАН» АУРУХАНАНЫ АЯҚТАЙТЫН БОЛДЫ

Кеңесте облыстық құрылыс басқармасының бастығы Зейнолла МАНЕНОВ есеп берді. Ол үстіміздегі жылы білім беру  саласында 6 мектеп пен 4 балабақша салынғандығын хабарлады.

Олардың ішінде үш ауданда төрт мектеп және Атырау қаласының Жұмыскер селосында бір мектеп пайдалануға берілген. Осы ғимаратты бұрын көлемі тар болғандықтан бүгінде екіге бөлінген СТГ үшін қолайлы деп есептеген еді. Тағы екі мектепті жыл аяғына дейін тапсыру жоспарлануда.

Атырау ықшам ауданы мен Құлсары қаласында 280 орындық балабақшалардың құрылысы жүргізілуде. Нысандарды келер жылы тапсыру жоспарлануда. Құлсары қаласындағы «Балапан» және «Рябинушка» балабақшаларына жалғанған 120 орындық жалғамалар құрылысы аяқталуда.

З.Маненов жыл аяғына қарай құрылысшылардың Атыраудағы балабақшаларға салынған 12 жалғаманы тапсыратындығына уәде берді. Алайда тізімде тек 11-і ғана аталды. Олардың арасында қалалық №6, 8, 9, 10, 11, 14, 21, 30, 43, 55 балабақшалар мен авторлық мектепке дейінгі №1 гимназия да бар.

Денсаулық сақтау нысандарын салуға биылғы жылы 5,6 млрд. теңге мөлшерінде республикалық трансферт бөлінген.

З.Маненов жыл аяғына дейін сақалды құрылысқа айналған нысандардың бірі – Құлсары қаласындағы 75 кереуеттік туберкулезге қарсы диспансердің тапсырылатындығын хабарлады.

З.Маненов нысандардың уақытында тапсырылмау себептерін санамалап шықты. Олардың ішінде – жұмыстардың нашар ұйымдастырылуы, техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, құрылыс алаңдарында прорабқа арналған орынжайдың болмауы және білікті құрылысшылардың жетіспеуі де айтылды.

Соңғы жылы құрылысшылар ескірген құрылыс нормалары мен ережелерінің кемшіліктерін әлденеше рет дәлелдеген болатын. Дегемен, мәселе көбінесе әдеттегі ұқыпсыздыққа келіп тіреледі.

Кеңесте жаңа жылдан бастап жаңа құрылыс нормалары мен ережелері күшіне енетіндігі хабарланды. Соған байланысты барлық мүдделі басқармаларды келер жылға жоспарланған жобаны қайта қарауға шақырды.

ҚАЛАЛЫҚ БАЛАЛАР ЕМХАНАСЫ ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШІП БАРМАҚ

«100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасының аясында облыста жеті денсаулық сақтау нысандарының құрылысы аяқталды. Оның алтауы облыс аудандарында, біреуі Атырауда. Бұл ауысыммен  келім саны 500 кісілік болатын Алмагүл ықшамауданындағы қалалық емхана. Егер ересектерге арналған бөлімше жақын маңда орналасқан ықшам аудандар мен қалаға жақын орналасқан елді мекендердің мұқтаждығын қамтамасыз ететін болса, жанында тұрған балалар емханасының ғимараты жалпықалалық балалар емханасына көшіп бармақ. Нысанның жалпы құны 1,2 млрд. теңге.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ балалар емханасының түгелдей дерлік дайын екендігін және қоныстану уақыты салтанатты ашылудан кейін жоспарланғандығын хабарлады.

- Бұл бір уақытта күніне 150 бала қабылдауға арналған арнайы ғимарат. Ғимарат барлық қажетті жабдықтармен және 25 кереуеттік күндізгі стационармен жарақталған. Емханада ауруға шалдыққан балаларды оңалту базасы болмақ, - деп мәлімдеді М.Өтепқалиев.

Мен балалар емханасының бұрынғы ғимаратының не болатынын сұрадым. Бейресми ақпарат бойынша, ғимарат бір кездері апатты деп танылған екен. М.Өтепқалиев ғимараттың күрделі жөндеуге мұқтаж екендігін растады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ғимараттың бірінші қабатына қаладағы барлық балалар фтизиатрларын орналастыруды жоспарлап отыр. Осылайша, денсаулық сақтау басқармасы бастығының пікірінше, осы мамандарға сағаттап кезекке тұруға қатысты өзекті болған мәселені шешудің сәті түспек. Басқа орынжайларға республикалық медмекемелердің филиалдары орналасуы мүмкін.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген В. Истомин

8 желтоқсан 2010, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.